Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қазақ тілі сабақтарында тест әдісінің қолдануы
Қазақ тілі сабақтарында тест әдісінің қолдануы
Тест жұмыстарына тоқталайық. Көптеген мұғалімдер қазіргі қолданыстағы педагогикалық өлшем нақты деп ойламайды. Оқушылардың жұмысын обьективтік және нақты бағалау бір жылғы мәселе емес. Әр мұғалім оны өз бетінше шешеді. Көбі бүгінде барлық әлемдік тәжірибеде кеңінен танымал тестілеу әдісін қолданады. Қазіргі тәжірибеде қазақ тілі сабағында тестілеу әдісі тиімді әрі пайдалы, нақты педагогикалық өлшемінің бірі болып тұр. Нақты жағдайда мектептің оқу бағдарламасы, әр модуль өзіне сай тест тапсырмалармен қамтылған.
Тест әдісін қолдану білім сапасын бақылауға, дамытуға, ұйымдастыруға, болжауға, тәрбиелеуге көп көмегін тигізуде. Модульдік тестілеу жұмысы өзінің тиімді екенін әрқашан дәлелдеуде.
Өз оқушыларымның білім деңгейін тексеру барысында әртүрлі жұмыс түрлерін қолданамын. Соның бірі - тестілеу әдісі. Тест арқылы бақылау барысында мені қызықтырғаны: білім сапасын шұғыл білу, қателерді дереу түзеу, ескертулерді түзеу. Яғни, бұл мұғалімге артық уақытсыз оқушылардың білім дәрежесін тез тексеруге көмектеседі. Тестілеудің тағы бір тиімді жағы - барлық оқушылар бір деңгейде жұмыс істейді. Тест әдісін қолдану оқушының білім деңгейін көрсете отырып, мұғалімнің жұмысының нәтижесін де көрсетеді. Оқушылар өз білім деңгейін көре алады, өзіне өзі бақылау жасай алады. Ата - аналар өз балаларының білімін бақылай алады.
Тест тапсырмаларын құру барысында әртүрлі сала, әртүрлі бағдарлама, әртүрлі тақырыптар қамтылады. Бұл өз тарапында оқушының білім деңгейін анықтай отырып, нақты тапсырмалар беруге көмегін тигізеді. Мысалы: әртүрлі ережелерді білу, әртүрлі білім саласы бойынша оқушылардың деңгейін анықтау, бағдарламалық материалдарды қамтуын бақылау, есте сақтау және қолдану барысын бақылауға болады.
• Еркін мазмұндау тапсырмасы, жауаптарына шектеу қойылмайды, бірақ нақты жауап беру талап етіледі.(сөз тіркесі, фразалар, сөйлемдерді көшіріп жазу түрінде)
• Альтернативті жауап беруді негізгі тапсырмасы екі нұсқалы жауаптан тұрады (иә - жоқ, дұрыс - дұрыс емес) және қиын ережелер мен анықтамаларды меңгерген деңгейін тексереді. Бұл тапсырмалар мынаны анықтауға қолданылады, нақты фактілерді білуін, түсінігі қалыптасады, себебін анықтайды.
• Көп нұсқаулы жауаптық тапсырмасы. Оқушы өзі дұрыс деген жауапты белгілейді, таңдайды. Көп таңдаулы тест тапсырмаларын мен бірқатар нақты көрсеткіштерді бақылауға сонымен қатар комплексті білімді меңгеруді тексеруге қолданамын. Тапсырманың бұл түрі өзімнің құрған тапсырмаларымнан және жауаптардан тұрады (ең дұрысы4 - 5 жауаптан болғаны). Оқушы өзі дұрыс деген жауабын таңдайды.
• Келесі түрінің тапсырмасы бірінші кестедегі сұрақтарға кестенің екінші бөлігі арқылы сәйкес жауаптар табу. Бұл тестілеудің негізгі мақсаты оқушылардың үлкен тақырыптар бойынша грамматикалық білім деңгейлерін анықтау.
Мен өз жұмысымның барысында тестілеудің үш түрін қолданамын.
Кіріспе тест бұл түрін жаңа тақырыптарды меңгертудің алғашқы сатысында қолданамын. Тест өткізіп, нені нақтылы міндеттер қоюға үлкен көмегін тигізеді. Келесі жаңа тақырыпта осы мәселелерге көп тоқталуға тырысамын.
Аралық тест - түрін мен көлемді тақырыпты меңгергеннен кейін қолданамын. Негізгі мақсаты оқушылардың ережелерді, анықтама, алгоритмдерді қалай меңгергенін тексеру.
Жан - жақты шығармашылық жұмыс қайталап тексеру нәтижесінде ғана үлкен нәтиже көрсете алады.
Тестілеудің үшінші түрі - бақылау тесті. Осы бақылау тестін түрін бір тарау бойынша өткен тақырыпқа байланысты түрлі тест тапсырмалар арқылы, оқушылардың білімін тексеремін. Тестілеудің бұл түріне теориялық материалдарды қамтитын сұрақтарды да кіргіземін.
Тестілеуді жеке оқушыларға және топтық, жұптық жұмыс ретінде де қолданамын. Тест тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Тестілеу оқушыларды өзін - өзі бақылауға, пікір алмасуға, қорытынды жасауға, нәтиже шығара білуге үйретеді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама