Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қазақ тілі үйірмесі. Жалғаулар
Вальдорф бағытындағы мектеп - гимназиясы
Мұғалімі: Есекеева Л. Е

Қазақ тілі үйірмесі. 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі үйірмесі. Жалғаулар
Сабақтың мақсаты: Тіл туралы мағұлмат беру.
Сабақтың міндеттері:
білімділік: Тіл туралы жан - жақты білімдерін кеңейту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру, жалғау түрлерін қайталау;
тәрбиелік: Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Қазақстанның мемлекеттік тілін, рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білу, сөйлемнен жалғау түрлерін ажырату дағдыландыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, «Даналық әліппесі», блиц турнир, электронды оқулық

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері
Үй жұмысы

3. Жаңа сабақ
Сабақ мақсатымен таныстыру
Тілтуралы, қазақ тілі туралы түсінік беру(слайд шоу)
М. Мақатаев «Үш бақытым» өлеңі бойынша сыныпты 3 топқа бөлу
І топ Халық
ІІ топ Тіл
ІІІ топ Отан

Тапсырмалар:
1. Тақырыптары бойынша постер қорғау
2. І топ Қазақ сөзін жіктеу
3. ІІ топ Тіл сөзін тәуелдеу
4. ІІІ топ Отан сөзін септеу
Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау
І топ: Елімізде халықтар тату - тәтті тұрады.
ІІ топ: Мен өз тілімді сүйемін.
ІІІ топ: Мен Отаныма құрметпен қараймын.

Графикалық диктант
Сөздер ----- Көптік жалғау ---- Жіктік жалғау ---- Тәуелдік жалғау ----- Септік жалғау
Қалам
Достыққа
Көшелер
Оқушымын
Дәптері
Құстар
Қонақсыз

Мақал - мәтелдермен жұмыс (суреттерді сөйлету)
Отан... басталады. (отбасынан)
Туған жердің... де ыстық,
... де ыстық. (күні, түні)
Туған жерге... тік. (туыңды)
Отансыз адам, ормансыз.... (бұлбұл)

Сергіту сәті (Қысқы жаттығу)

Блиц турнир
Тапсырмалар
Сөз таптары 5 сұрақ
Жалғаулар 5 сұрақ
Аралас сұрақтар 5 сұрақ

Қорытынды:
Меритс электронды оқулық тест жұмысы
Үйге тапсырма эссе «Қазақ тілін құрметтеймін»
Бағалау (домбыра суретін салу арқылы) күй «Адай»

Толық нұсқасын жүктеу
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама