Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қазақ тілінен логикалық тапсырмалар
Қазақ тілінен логикалық тапсырмалар.
Ұсынылып отырған «Логикалық тапсырма» 4 - сыныптағы қазақ тілінің бағдарламалық мазмұнын тереңдетіп меңгертуді көздейді. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының дарындылығын тану үшін қазақ тілі пәнінен логикалық тапсырмаларға баса назар аударылды.
Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады.
Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтереді.
«Логикалық тапсырмалар» оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды.
Тапсырма
Берілген сөздерді алфавит ретімен жаз.
А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен.
Ә) Әсем, Сырым, Райгүл, Айбек
Б) Қалам, дәптер, өшіргіш, сызғыш
А) ________________
Ә) ________________
Б__________________

Дыбысы жоқ болса да,
Алфавитте орны бар.
Оқылмайтын жазса да,
Қай белгі ол табыңдар.
Шешуі _______ ____

Тапсырма
Өлеңді оқып, әр дыбыстың өз орнын тап.

«А» дегенің – Ана,
«Б» дегенің - бала.
«Б» дегенің – баға,
«Бестен» басқа алма.

Жуан Жіңішке Қатаң Ұяң Үнді
.........................................

У - дыбысының жазылуы
У - әрпі кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбысты білдіреді.
Уыс – дауыссыз, өйткені дауыстының алдында тұр.
Суға - дауысты дыбыс, екі дауыссыздың ортасында тұр.
Тауық - екі дауыстының ортасында келсе, дауыссыз дыбыс.
У дыбысына біткен қимылды білдіретін сөздерге у дыбыс қосылғанда екі у жазылады. Мысалы: Жуу, қуу, буу
Тапсырма
Берілген сөздердегі у қандай дыбыс екенін айт.
Уәзір, аудан, уыз, баяу, елу, саумал, зәулім, оқу, қурай, қауын, кесу, уық, сатушы, уыс.

Дауысты: ________________
Дауыссыз: _______________
Тапсырма
Кестені толтыр.
Дауысты у Дауыссыз у
Тулақ

Я, ю, ё әріптерінің жазылуы

я=й+а
ю=й+у
ё=й+о

я, ю, ё - әріптердің дауысты дыбыстар. Бұл әріптер жеке тұрып та, дауыссыздармен тіркесіп келіп буын құрайды.
Есік жоғын ұқтық,
Люктен шықтық.
Елка деген - бұрыс,
Шырша деген - дұрыс.
Қ. Мырза Әли.
Тапсырма
Сөз жұмбақты шеш.

Ф, В - дыбысының жазылуы.

В - ұяң дауыссыз дыбыс
Ф - қатаң дауыссыз дыбыс.
Бұл дыбыстар сөздің барлық буынында келеді.
Ч, щ, ц, х, һ – қатаң дауыссыз дыбыстар.

Қызықтырып бізді,
Ағам чертеж сызды.
Біздің туған шаһарда,
Тұрады көп қаһарман.
Циклон - ол дауыл,
Көрді соны ауыл.
Зообақта көп хайуане,
Келген бәрі қайдан?!
Ащы тамақ ауыр,
Тұщы тамақ тәуір.
Қ. Мырза Әли

Тараз қаласы, №23 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Қадырова Зухра Мұратқызы

Қазақ тілінен логикалық тапсырмалар. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама