Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қазақ тілінің білгірі
Қазақ тілінің білгірі

Сайысты өткізудегі негізгі мақсатым: Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген (класты) топты анықтау.
Сайысқа екі кластан алынған 2 топ, әр топта 5 оқушы қатысады. Әр топ өз бақтарын сынайды.
«Қазақ тілінің білгірі» атты білім сайысымыз негізінен 7 кезеңнен тұрады:
1 кезең. Топты таныстыру, осы сайысқа түсудегі мақсаты. Әділ қазылар алқасы.
2 кезең. «Менің елім – Қазақстан» тақырыбына әңгіме жазу. Өлең оқу.
3 кезең. Бұл кезең «Бәйге» деп аталады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарға қысқа, әрі нұсқа жауап берулері керек.
4кезең. «Жаңғырған салт - дәстүрлер» деп аталады, яғни салт - дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек.
5 кезең. «Тапқырлық» деп аталады. Берілген мақаладағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру.

І топтың сұрақтары:
1. А. Байтұрсынов кім?
2. Қазақ тілінде неше септік бар?
3. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің толық аты - жөні кім?
4. Жүз жасаған ақын?
5. «Шаһар» сөзінің синонимі?
6. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
7. Тұрлаусыз мүшелерді ата?
8. М. Әуезов кім? Роман - эпопеясын ата.
9. Әл - Фарабиді неліктен «Екінші Ұстаз» деп атаған?
10. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
11. «Ақылды» сөзінің түбірі?
12. Абайдың қанша қарасөзі бар?
13. Ата Заң күні қашан?
14. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?

ІІ топтың сұрақтары:
1. «Бес Арыс» деген кімдер?
2. Жалғаудың неше түрі бар?
3. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?
4. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
5. Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу?
6. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?
7. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман?
8. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама