Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қазақ хандығының құрылуы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
«Абай атындағы орта мектебі» ММ тарих пәні мұғалімі К. Мусаева

Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Мақсаты:
Қазақ хандығының құрылуы, тарихи маңызы, этникалық құрамы, көрші елдермен қарым - қатынасы туралы мағлұмат беру.
Оқушыларды тарихи оқиғаларды оқып - үйренуге, қорытынды жасау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін одан әрі тереңдету.
Еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға, елін, жерін сүюге, қорғауға баулу.
Көрнекілігі: Слайдтар, Қазақ хандығының құрылуы туралы бейнетаспа, үлестірмелер
Әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Түрі: Аралас
Жүрісі: 1. ұйымдастыру бөлімі
Сынып «Керей»,«Жәнібек»,«Қазақ хандығы» болып 3 топқа бөлінеді.

2. Үй тапсырмасын үлестірмелер арқылы сұрау.
3. Керей мен Жәнібек сұлтандардың халықпен ақылдасуы атты көрініс (Мұхаммедрасулах, Нұрсұлтан, Жалғас)
4. Бейнетаспа
5. Жаңа сабақты меңгерту

Жоспар:
1. Қазақ хандығының негізін салушылар
2. Этникалық құрамы мен аумағы
3. Көршілес елдермен байланыс

Қазақ хандығының іргесін нығайтып, оның күщ - қуатын арттыру, оны дербес мемлекетке айналдыру билеуші топтардың мүддесіне сай келді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы тайпалардың басым көпшілігі xv ғасырдың 40 - 50 жылдардың өзіңде - ақ Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасқан еді.
Керей мен Жәнібектің Жетісуға келуін тарихшы М. Х. Дулати 1465 - 1466 жылдар деп жазады. Сұлтандар Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, 1465 - 1466 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды.
Хандықтың алғашқы алып жатқан жері Қозыбасы мен Шу аумағы болған.
XIV - XV ғасырларда Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Ертістен Жайыққа, Алтайдан Каспий мен Аралға дейінгі кең - байтақ даланы қоныстанған еді. Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін, қыпшақ, маңғыт, керей, т. б тайпалар болды. Бұл тайпалар экономикалық, әлеуметтік - мәдени жағынан бір - біріне толық сай келген этникалық топтар еді.
Қазақ хандығының алғаш қарым - қатынас жасаған елі Моғол хандығы болды. Қырғыздармен де тату - тәтті қатынас жасады.

Сергіту сәті: «ия» немесе «жоқ»
Қазақ жерін мекендеген ру - тайпалардың этникалық, саяси жағынан топтасуы күшейе түсті. Ия.
Қазақ хандығының алғаш тағына отырған Жәнібек хан. Жоқ.
«Тарихи домино» ойыны (сөздерді ретімен қою).

Бекіту сұрақтары:
1. Сұлтандардың Жетісуға қарай көшудегі мақсаты неде?
2. Хандықтың этникалық құрамы қандай ру - тайпалардан тұрды?
3. Қазақ хандығының алғаш қарым - қатынас жасаған елі?
6. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу және тәуелсіз Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзі елдерімен байланысы атты шағын шығарма жазу.
7. Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама