Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақстан 12 жылдық білімге қашан көшеді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушылары үшін 12 жылдық бағдарламаны енгізу барысы туралы айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, жаңартылған бағдарламалар 2015 жылы қабылданды, яғни осы шаралар жүргізілген кезде 1-ден 11 сынып аралығында 11 жылдық мектептің бағдарламалары бекітілді. Сәйкесінше, қазір жаңартылған бағдарламалар енгізілуде. Барлық сыныптардың 95 пайызы осыған ауысып үлгерді. Алдағы жылы 11 сыныптың ауысуы жоспарланған», - деді министр Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында.

«Қазіргі кезде жаңа бағдарламаға толықтай көшу маңызды, егер біз алдын ала дайындықсыз 12- сыныпты енгіземіз деп айтсақ, онда үлкен проблемаларға тап боламыз», - деді А. Аймағамбетов.

Бұл тұрғыда 12- сыныпты енгізу мектеп инфрақұрылымына, педагог даярлығына, оқулық шығару бағытына тиісті жүктемені тудырады.

«1-ден 11 сынып аралығында толықтай жаңа бағдарламаға, бағалаудың жаңа жүйесіне көшкеннен соң, 12 жылдық білім бағдарламасын бастауымыз керек. Бұл тұрғыда оған көшудің бірнеше нұсқасы бар. Жалпы, бұған көшу шаралары бірқалыпты жүргізіледі. Осы орайда, 2021 жылды белгілеп отырмыз», - деді министр.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама