Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақстан аумағын физикалық - географиялық аудандастыру
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
«№1мектеп - гимназиясы» КММ география пәні мұғалімі
Досниязова Жанар Дүйсенбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағын физикалық - географиялық аудандастыру
§41. Тұран жазығы
Сілтеме: Оқулық, слайд, кеспе қағаздар, бағалау картасы және
Қазақтанның физикалық географиясы картасы
Мақсаттары: Білімділік: Тұран жазығына жан - жақты физикалық географиялық сипаттама жасау арқылы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылар өз бетімен топ болып, түрлі тапсырма орындатып, оқушылардың есте сақтауын, сенімін дамыту.
Тәрбиелік: Патриоттық сезімін арттыру, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және сыбырлы болуға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі Мұғалім оқушының іс - әрекетін, ойына, пікіріне, сөйлеу мәнеріне, көңіл бөлу.
Түйінді идеялар Қазақстан аумағын физикалық - географиялық аймағы Тұран жазығы туралы сабақ барысында өзіндік ой қалыптастыруға болады.
Мұғалімдердің іс - әрекеті
1. Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа қатысымын тексеру;
2. Сынып оқушыларын үш топқа бөлу;
3. Оқушылардың көңіл - күйін анықтау

Үй тапсырмасын сұрау:
Мұғалім оқушыларға Шығыс Еуропа жазығы туралы өткенді еске түсіруге тапсырма береді.
Саралау сұрақтары:
1. Шығыс Еуропа жазығының географиялық орны қандай?
2. Шығыс Еуропа жазығының географиялық орнын картадан көрсет
3. Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы

Қазақстанның физикалық - географиялық аймақтарын толтыруға кескін карта береді
Негізгі бөлім (жаңа сабақ)
Мұғалім оқушыларға жаңа сабақ бойынша дайын кластер ұсынады.
Мұғалім оқушыларға Аралды құтқарудағы жаңа жобалар қолға алынуы жөнінде видео көрсетіп, талқылау жасайды.
Аралды құтқарудағы жаңа жобалар қолға алынуы

Арал мәселесі - әлем назарында. Алматыға АҚШ Мемлекеттік хатшысының мұхит, халықаралық қоршаған орта және ғылым мәселелері жөніндегі көмекшісі доктор Кэрри - Энн Джонс келді. АҚШ өкілі Аралды құтқару халықаралық қорының ғимаратында еліміздің эколог - ғалымдарымен кездесті. Басты мақсат – Арал мәселесін қолға ала отыра, АҚШ пен Қазақстан арасындағы ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастықты нығайту.
Естеріңізге сала кетейік, халықаралық сарапшылар және ұйымдастырушы - донорлардың қолдауымен бүгінде 2011 - 2015 жылдарға арналған Арал бассейнінің 3 - ші бағдарламасы қолға алынды. Қор қазір Аралды қалпына келтіру жолында қомақты іс атқарып отыр. Мәселен, Қазақстан бөлігіндегі - Кіші Арал қайта толды. Сондай - ақ, Арал маңындағы халықтың әлеуметтік және экономикалық ахуалына баса назар аударылуда.
Арал тағдыры бізді ғана емес, теңіз жағасындағы көршілес елдерді де толғандыруда. Сарапшылардың пікірінше, халықаралық ұйымдар қолдап, орта Азиядағы 5 мемлекет бірігіп, жаңа жобаларды жүзеге асырса, онда Аралды қайта қалпына келтіру жұмысының сапасы жаңа деңгейге көтерілмек.
Кэрри - Энн Джонс, АҚШ Мемлекеттік хатшысының мұхит, халықаралық қоршаған орта және ғылым мәселелері жөніндегі көмекшісі.
Бүгінде экология мәселесі - әлемді алаңдатып отыр. Біз үшін Қазақстан мен АҚШ - тың биотехнология, экология, денсаулық сақтау мәселелерін бірлесіп шешуі аса маңызды. Менің ойымша, осы аталған барлық салаларды жіктей отыра, жаңа ғылыми зерттеу кооперациясын құрып, екі ел арасындағы бірлескен жаңа жүйені жүзеге асыруға болады. Сонда ғана біз, екі тарапқа да тиімді болатын бірлескен жобаларды жасай аламыз.

Мұғалім оқушыларға алған білімдерін қорытындылауға тапсырма береді.
Венн диаграммасы
Шығыс Еуропа жазығы
Тұран жазығы
Соңы:
Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын тыңдау арқылы сыни ойлауын дамыту. Оқушыларға ойлануға 1 минут, ойын айтуға 1 минут, жалпы 2 минут
Үйге тапсырма

Толық нұсқасын жүктеу
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама