Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қазақстан байрағы. Буын.
1 сынып
Ана тілі пәнінен сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан байрағы. Буын.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың буын туралы білімдерін кеңейту. Сөз ішінде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады деген ұғымды терең түсінуін және өлеңді мәнерлеп оқуын жетілдіру. Ел рәміздері туралы мағлұмат беру
Дамытушылық: сөздік қорын байыта түсу. Ел рәмізіндегі белгілерді қалай түсінетіндігін айта білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілік: ел рәміздерін тануды, оны құрметтеуге, өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Ұқыптылық пен шыдамдылық қасиеттерін шыңдау.
Сабақтың көрнекілігі мен жабдығы: кеспе әріптер, буындар, жалаушалар, магнитті тақта, сюжетті суреттер, оқулық пен №1 ана тіліне арналған жұмыс дәптері.
Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру
Сабақтың барысы:

• Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, қатынасты бақылау.
Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.

• Жаңа сабақ.
1 - тапсырма. Сұрақ – жауап минуты (өткенге шолу).
А) Дыбыс дегеніміз не?
Ә) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Б) Дауысты дыбыстар қалай айтылады? Оларды ата.
Г) Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі келтіреді? (б, қ, ш)
Ғ) Дауысты дыбыстардың қандай түрлері бар?
Д) Жуан айтылатын сөздерге мысал келтір
Е) Жіңішке дауысты дыбыстар қайсы, олар нешеу?

2 - тапсырма. Мына сөздерді буынға бөл: Қазақстан, отан, ел, аспан, қыран, алтын, өрнек.
• Сөздердегі буындар санын қалай білдің?
(Оқушылар жауабын тыңдап, қорытындылай отырып, төмендегі ережені түсіндіру, 51 - бет)
3 - тапсырма.
Ой қозғау.
Оқушыларға Қазақстанның жалауын (жалауша) көрсете отырып, « жалау» деген сөзді тағы да қалай айтуға болатындығын сұрау.
- Ту және байрақ.
- Қазақстан байрағын сипаттап бер

Қазақстан байрағы → аспан түстес, көк

4 - тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
1. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
2. Әр шумақты мазмұндау
3. Өлең авторымен танысу
4. Оқушылардың тізбекпен (шумақтап) оқуы.
5. Қазақстан байрағында нелер бейнеленген?
6. Қазақстан рәміздеріне тағы да нелер жатады?
7. Аспан, қыран, бүркіт сөздері қалай айтылып тұр, буынға бөл.
• Сергіту минуты
Жоғары қарап ай көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылдым,
Егеменді ел көрдім.
5 - тапсырма. Дәптермен жұмыс. №1 ана тілі жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

6 - тапсырма. Сөздерді дұрыс орналастыр және буындардан сөз құра.
Жалауша, ұстады, көк, бала.
Сөз құра: бай бүр қы кіт рақ ран. (байрақ, бүркіт, қыран)

7 - тапсырма. Кім тапқыр? ойыны. Қате буынды тап. Түзет.
Бал - а, бай - рақ, жал - ау, асп - ан, алақ - ай, ба - ты - р, қоя - н, те - ле - фо - н.

Сабақты қорытындылау.
Нені үйрендік, нені білдік?
Сөзді неге бөлеміз? (буынға)
Дауысты дыбыс қанша болса, сонша не болады? (буын)
Буынды табуға дауыссыз дыбыстардың қатысы бар ма? (жоқ)
Рефлексия.
Үй тапсырмасы: 73 - жаттығу, «Қазақстан байрағы» өлеңін мәнерлеп оқу, 75 - жаттығуды орындау.
Сабақты аяқтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама