Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, бірлікке, ел тағдырын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып – өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран, Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, слайд

Тәрбие сағатының барысы:
Қазақстан туралы не білеміз. Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
«Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ» атты танымдық ойын
І – жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар!
«Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ» атты танымдық ойын тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
II – жүргізуші: Сан ғасырлар тарихынан кешегі,
Туған жердің шежіресі өседі.
Менің елім Қазақстан – Отаным
Болашағы бізбен бірге өседі.
Жандары қаламайтын аласаны.
Шәкірттер алда талай бел асады.
Әлемге туған елін танытатын.
Солар болар елімнің болашағы – дей келе XXI ғасырдың талантты, дарынды ойыншыларымен таныстырайық.
1 – топ: «Бәйтерек» тобы
2 – топ: «Пирамида» тобы
3 – топ: «Хан шатыры» тобы
4 – топ: «Астана» тобы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама