Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақстан жеріндегі аласа таулар
Тақырыбы: «Қазақстан жеріндегі аласа таулар»
Мақсаттары:
Білімділік. Қазақстан аумағындағы аласа таулы өлкелердің ерекшеліктерімен таныстыру. Интернетті пайдаланып аласа тауларға саяхат жасап, географиясымен және табиғатымен танысу. Ішкі және сыртқы күштердің таулардың жер бедерін өзгертудегі ролін түсіндіру.
Дамытушылық. Қазақстанның геологиялық картасы мен физикалық картасын салыстырып, сәйкестендіру және оны кескін картаға түсіру арқылы икемділіктерін арттыру. Интернет желісін пайдалану
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту, экологиялық тәрбие беру.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Құрал - жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, кескін карта, интерактивті тақта, «Google Планета Земля» программасы, үлестірмелі материалдар.
Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих, информатика, музыка

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру;
2. Өткен сабақ бойынша сұрақтар;
Қызықты сұрақтар. 1. Еліміздегі теңіз атымен аталған ойпат
2. Еліміздегі қақпалар
3. Аң атымен аталатын құмдар
4. Құс атымен аталатын үстірт
5. Өзен атымен аталатын жазықтар
6. Ұлт атымен аталатын жазық
7. Бояу атымен аталатын құмдар

3. Жаңа сабақ
Жаңа сабақты бастамас бұрын алдыңғы курста өткен таулардың биіктігі бойынша қалай бөлінетінін еске түсіріп алу.
Қазақстан жеріндегі аласа тауларға Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жатады.

Бүгін біз осы аласа тауларға интернет арқылы тікұшақпен саяхат жасаймыз. Біздің тікұшақ жанармай емес біліммен ұшады. Сондықтан ұшып баратын жеріміз туралы білмесек тікұшақ ұша алмайды.(Оқушыларға алдын ала тапсырмалар берілген ) Құрманғазының «Сарыарқа» күйі ақырын Қосылады

Біз саяхатымызды Сарыарқадан бастаймыз. Себебі біздің ауылдан батысқа15 - 20 шақырымнан кейін Сарыарқа басталады. Өзіміз жақсы білетін Утөбе, Айнабұлақ, Сартерек осы Сарыарқаға жатады.(Google Планета Земля программасы бойынша интернетпен Қарақол ауылын тағы аталған жерлер көрсетіледі) Сарыарқаны «Қазақтың ұсақ шоққысы»деп те атайды. Сарыарқа Шыңғыстау, Ақсоран, Баянауыл, Қарқаралы, Көкшетау, Ұлытау сияқты үлкен жоталардан тұрады. Біздің саяхатымыз осы жерлермен өтеді. Ендеше балалар тікұшаққа отырып өзіміздің облысымызда орналасқан Шыңғыстау жоталарынан бастайық. Бір оқушы шығып Шыңғыстаудың географиялық орнына, табиғат ерекшеліктеріне, тарихи ескерткіштеріне қысқаша сипаттама береді. Интерактивті тақтада Қарақолдан Шыңғыстауға карай жылжып жоталары көрсетіледі. Шыңғыстауға арналған слайдтар қосылады.
Сыныпқа аласа тауларды кескін картаға тусіру тапсырмасы беріледі. Топқа бөліп Венн диаграммасы Сарыарқа - Мұғалжар, Сарыарқа - Маңғыстау және Insert кестесі беріледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама