Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақстан Республикасы Президентінің 25.01.2017 жылғы Қазақстан  халқына арнаған  үндеуіне пікір

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев халық алдында сөйлеген сөзінде заман талабына сай  мемлекет басқару ісінде де өзгерістер қажет екендігін атап өтті. Біздің ойымызша, бұл уақытылы көтерілген мәселе. Жаһанда алдынғы қатарлы мемлекеттердің даму бағыты демократияландыру болып табылады.  Біз де бұл үдерістен қалмауға тиіспіз. Мемлекетті демократияландыру- халық мүддесіне сай. Халық неғұрлым мемлекет істеріне қатыстырылса, оны сезінсе, соғұрлым мемлекет істеріне жауапкершілігі де артылады. Ел басшысы ұсынған өзгеріс- парламенттің құқықтарын, міндеттерін кеңейту халық қалаулылары арқылы халықтың билікке қатыстырылуы.   Үкіметтің парламент алдында жауаптылығы – халық алдындағы жауаптылығы.

Сонымен қатар Елбасы дұрыс атап өткені, өткен уақытта бізге күшті президент билігінің қажет болғандығы. Біздің еліміз 25 жылда үлкен өзгерістерді бастан өткізді, талай қиыншылықтарды жеңді. Күшті президент билігінсіз мүмкін біз мұндай нәтижеге жетпес едік. Қазіргі уақытта президетке артылған  елдің болашағы  үшін жауапкершілікті парламент пен үкіметке  бөлу туралы ұсыныс дұрыс деп есептейміз. Өз кезегімізде біз Жұмабек Тәшенов атындағы № 20 орта мектебінің  мұғалімдер  ұжымы тұтастай қолдаймыз. Бұл реформа басқару жүйесінің тиім­ділігін арттырып, қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз етеді, парламент пен үкіметтің ролін көтеріп, жауапкершілігін арттырады, еліміздің одан әрі демократиялық жолмен ілгері дамуына ықпал етеді деп ойлаймын. 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама