Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы
Құқықтану 10 сынып
Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы
Мақсаты:
Білімділік: Сайлау жүйесі, сайлауға құқығы қағидаттары, сайлау органдары, сайлау күні дауыс берудің рәсімдері, дауысты санау құқықтары туралы білім беру. Сайлау туралы заң негіздері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін, топпен және жеке жұмыс түрін дамыту, ой қозғау, сипаттау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, Ата заңды құрметтеуге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ – жауап. Интерактивті әдіс, тірек – сызбалар, ой толғау.
Көрнекілік: «Қазақстан Республикасы Конститутциясы», «Сайлау туралы» Заңы, тірек - сызба кестелер және тағы басқалары.
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын тексеру.
3. Жаңа сабақ.
А) Сайлау құқығы қағидаттары.
Ә) Сайлау жүйесінің түрлері.
Б) Қазақстан Республикасының сайлау органдары.
В) сайлау комиссиясының құқықтары мен міндеттері.
Г) Сайлау округтері.
Д) Сайлау учаскелері.
Е) Сайлау күні дауыс берудің рәсімдері туралы оқу фильмі.
4. Сабақ қорытындысы.
А) Ойтолғау.
«Қазақстандағы сайлау жүйесіне көзқарастарың қандай?» пікірталас.
Ә) Сөз жұмбақ «Сайлау жүйесі»
Б) Тест
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:
а) Сәлемдесу.
ә) Оқушыларды түгендеу.
б) Сабаққа бағдар беру.
в) Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. ҮЙ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРУ
Сұрақтармен пысықтау.
1. Шағымдарды сайлау комиссиясы қандай мерзімде қарайды?
2. Жергілікті атқару органдардың «Сайлау туралы заңнамалардың» бұзғаны үшін қайда шағымдануға болады?
Жағдаяттарды талқылау.
1. Аудан әкімі аталған аудан тұрғындарына сайлауға міндетті түрде қатысу туралы шешім шығарды. Осы шешім дұрыс па?
2. Парламент мәжілістерінің депутаттары азаматтардың сайлауға қатыспағаны үшін әкімшілік жаза қолдануды талап етті. Осы дұрыс па?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қазақстан Тәуелсіздік алған кезден бастап, қоғамдық демократияландыру мақсатында жүргізілген жұмыстар, оның ішінде сайлауды ашық және әділ өткізу тұрғысына да еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу мен жетілдіру жолындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы айтқанымыз жөн. Қазақстанның қазіргі сайлау жүйесінің қалыптасуы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық Референдумда ҚР - ның Конституциясы (9 бөлім 98 бап) мен 1995 жылы 28 қыркүйекте қабылданған «Сайлау туралы» Заңынан (2 бөлімнен, 15 тараудан, 133 баптан) тұрады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама