Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Ақтөбе қаласы,
№5 орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Абдинагиева Гулбагдат Кушикбайкызы

Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұран, елтаңбасы мен туы туралы білімдерін тереңдету. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрметтеуге баулу. Оқушылардың рухани патриоттық сезімдерін ояту.
Дамытушылық: Алған білімдерін кеңейтіп қызығушылығын арттыру, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап
Құрал - жабдықтар: интербелсенді тақта, плакаттар, маркерлер.
Негізгі идеялар: Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Оқушы бойына пікірталасты жүргізе білу қабілетін қалыптастыру. Өз бетінше тұжырым қалыптастыра алатын тұлға болуға баулу.
Дерек көздер: оқулық, таратпалар.

1. Ұйымдастыру.
Амандасу.
Оқушыларға әр елдің амандасу салтын көрсету, айттыру
2. 1. 2. 3. 4 саны арқылы топқа бөлу.
«Сұрақ - жауап» әдісі.
3. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыта отырып, оқытуды 4 кезеңге қойдым.
І кезең
“Қызығушылығын ояту”.
“Миға шабуыл” әдісі. Әр топқа тақырыпты ашу үшін алдарына тапсырмалар бердім.
І топ Ребус
ІІ топ Сөзжұмбақ
ІІІ топ Анаграмма
ІV топ Тиісті әріптерді тап
Оқушылар топ - топ болып бүгінгі сабақтың басты тақырыбын ашты.
Оқулықпен жұмыс
Тізбектей, дауыстай оқу
Талдау жұмыстарын жүргізу
4. Тапсырма.
Шығармашылық жұмыс.
“Мен жас тілшімін” эссе жаздырамын.
І топ «Тұғырлы Гимн»
(гимн термині, тарихи дерек)
ІІ топ «Қазақ поэзиясының майталманы» (Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығы)
ІV топ «Қазақ вальсінің королі»
(Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы)

Сергіту сәті
Музыкалық әуеннің ырғағын жасыру арқылы әнді таптыру
“Жуан”, “жіңішке” сұрақтар арқылы сабақты қорытындылау
Әр топты өз көшбасшысы бағалауды ұсынамын.
Үйге тапсырма беріп, тапсырманың орындау шартын түсіндіру.
Сабақты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын тыңдаумен аяқтадым!

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама