Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында
А. Ө. Өтешова

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуінің күрделілігі, бұл мәселені шешудегі жетістіктері мен қиыншылықтары, халықаралық ұйымдардың құрамындағы Қазақстанның саяси даму ерекшеліктерін ескеру талдау.
Дамытушылығы: Тарихи оқиғаларды, саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс талдап, тұжырымдай білуге үйрету, деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып қажетіне сай пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Халықтың ұлттық сана - сезімінің өсуінің маңызын ашып көрсету арқылы ұлтжандылыққа, елін сүюге, адамгершілікке, бірлік пен ынтымақтастыққа баулу және достық сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Конференция

Сабақ барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың мақсаты - Қазақстан дербес мемлекет ретінде дүниежүзілік қоғамдастыққа біріккен әртүрлі деңгейдегі халықаралық ұйымдарға мүше болу арқылы өзінің мемлекеттік мәртебесін көтеретіні анық екенін дәлелдеу.
Дүниежүзі қазақтары құрылтайының салтанатты мәжілісінде Н. Ә. Назарбаев: «Бүгінгі бостандық, бүгінгі тәуелсіздік өзінен - өзі келіп, басымызға қона қойған жоқ, азаттық үшін миллиондаған адамдардың қаны шашылып, жаны қиналды, жазықсыз зардап шекті. Сол үшін ата - бабамыз өмір бойы күресті.» Тәуелсіздік, Азаттық - қасиетті сөз, қастерлі киелі ұғым. Тәуелсіздіктің туын жықпау өз қолымызда. Ендігі кезекте сөзді оқушыларға берейік.

Жүргізуші: Қайырлы күн! Хабарымызға қош келдіңіздер. «Саяси көзқарас» бағдарламасын бастаймыз.
Мемлекетіміз қазір әлемдік дәрежеде көптеген өркениетті елдермен терезесі тең. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік демократиялық мемлекет болу мүмкіндігіне ие болды. 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен сайлауда Қазақстан Республикасының президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. 1991 жылы 10 желтоқсанда Н. Ә. Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдады. 1992 жылы 4 маусымда ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. 1997 жылы 10 қазан Н. Ә. Назарбаев 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын қабылдап, халыққа жариялады.

Тәуелсіздік - айбарым!
Тәуелсіздік - Әнұран һәм Елтаңбам,
Көк байрағым Алатаудан әрі асқан.
Тәуелсіздік - ортақ мекен сан ұлтқа
Дос пейілді туыстығы жарасқан!
Тәуелсіздік – ата - баба арманы,
Алты Алаштың мақтан тұтар айбары!
Тәуелсіздік - қанмен келген құндылық.
Тәуелсіздік - жас ұрпақтың ертеңі,
Білім қуып, талабымен өрге озған!
Тәуелсіздік - мақтанышым, айбарым,
Бар қазақтың тәу ететін киесі!

Хабарымызға келген қонақтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1. Саясаткерлер
2. Тарихшылар
3. «Заң және біз» газетінің тілшілері
4. «Егемен Қазақстан» газетінің тілшілері
5. «Жас Алаш» газетінің тілшілері
6. «Қазақстан Заман» газетінің тілшілері
Жүргізуші: 20 - ғасырдың ядролық қару деген кесапатты дүниеге алып келді. Сынақтар, сол сынақ өткізетін жер - полигондар пайда болды. Сондай қасіретке әлемнің біраз жері, оның ішінде қазақ жері - халқымыздың аяулы перзенттері дүниеге келген Семей жері де ұшырады. Семей полигонының қасіреті мен зардаптары туралы Саясаткерлердің баяндап беруін сұраймыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама