Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
9 - сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Сабақтың мақсаты:
Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы баяндау, оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылыққа дағдыландыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, сұрақ - жауап, түсіндіру, сызбамен жұмыс
Көрнекілігі: суреттер, бүктемелер, үлестірме, кесте, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен сәлемдесу
- Назарын сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау
Үлестірмемен жұмыс
Үй тапсырмасын бекіту
Сөзжұмбақ шешу
Миға шабуыл әдісі
- Желтоқсан ненің атауы
- Желтоқсан айында атап өтілетін қандай мереке күндерін білесіздер
- Еліміз тәуелсіздікке қашан қол жеткізді
- Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толды

Өткен тарихқа шолу
Азаттық үшін қандай ұлт азаттық қозғалыстарды бастан өткізген едік

Жаңа сабақ
Жоспар:
- Демократияшыл жастар қозғалысының себептері мен басталуы
- Желтоқсан оқиғасының сипаты
- Жаппай жазалау
- Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы

КОКП Орталық Комитетінің нұсқауымен 1986 жылдың 16 желтоқсаны күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы болды. Күн тәртібінде бір ғана ұйымдастыру мәселесі тұрды. Пленумның шешімі бойынша Д. Қонаевтың орнына Республика партия ұйымының басшысы етіп Г. Колбинді сайлады.
17 желтоқсан күні қазақ жастары, студенттер мен жұмысшы жастар Алматыдағы Брежнев алаңына жиналды. Бұл күні саяси сипатта бастау алған митинг бірқалыпты, тәртіппен өтіп жатты. 18 желтоқсан күні алаңға әскерилер енгізілді, ереуілшілерді ұстап, жазалау басталды.
«Желтоқсан оқиғасына қатысқан 8500 - ге жуық адам ұсталып, жауапқа тартылды, 1720 адам жарақат алды. 12 ЖОО - ның ректорлары орнынан түсіріліп, 246 студент оқудан шығарылды, 99 адам сотталды, оның екеуі өлім жазасына кесілді.»
1990 жылы 17 желтоқсанда Республика алаңында Желтоқсан оқиғасын есте сақтау мақсатында ескерткіш тақта қойылды.
1991 жылы 21 желтоқсанда Президент Н. Ә. Назарбаев «1986 жылы желтоқсан оқиғасы кезінде жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» Жарлық шығарды. Осы Жарлық негізінде 17 желтоқсан – «Демократиялық жаңару күні» деп жарияланды. 1996 жылы Желтоқсан құрбаны Қ. Рысқұлбековке «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

Жаңа сабақты бекіту
Бейнекөрініс көрсету

Ой қозғау
Бейнекөріністен қандай ой түйдіңіздер
Желтоқсан оқиғасының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық
Шығармашылық жұмыс
ДЖИГСО
Әр оқушы берілген тақырыпша бойынша мәтінді оқып шығып, қалған оқушыларға оны түсіндіреді.
Сызбамен жұмыс
Оқушылар сызбаны толтырады.

Бекіту сұрақтары:
- Кешегі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан жастардың бойынан табылған ұлтжандылық қазіргі жастардың бойынан табылады ма
- Бүгінгі сабақтан қандай тәлім - тәрбие алдым деп ойлайсыңдар

Қорытынды бөлім
Бағалау
Оқушыларды жинаған жұлдызшалары бойынша бағалаймын.
Үйге тапсырма
Тақырыпты оқып келу
Желтоқсан құрбандары туралы мағлұмат жинау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама