Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қазақстандағы халық санағы

Еліміздегі халық санағы сонау 1897 жылдан бастау алған. Сол кездегі статистика бойынша қазіргі Қазақстан жерінде 4 млн 333 мың адам тұрған. Есепке 60 ұлт өкілі алынған. Олардың ішінде: Қазақтар – 3 392,7 мың адам немесе 81,7%; Орыстар – 454,4 мың (10,9%); Украиндер – 79,5 мың (1,9%); Татарлар – 55,9 мың (1,34%); Ұйғырлар – 55,8 мың (1,34%); Өзбектер – 29,5 мың (0,75%) т.т. құраған.

Қазақтардың облыстардағы үлес салмағы: Семейде – 90,6%, Торғайда– 88,3%, Оралда –71,3%, Ақмолада – 62,6%, Сырдария – 60,4%, Жетісуда – 52,1%. Орыстар Ақмола (25,5%) мен Орал (25%) облыстарында көбірек болды.

Ауылда – 3 882 350 адам, немесе жалпы қазақтың 93,6%-ы тұрды.

Қалада – қазақтардың 6%-ы ғана. Оралда – 36,4 мың, Верныйда (қазіргі Алматы) – 22,7 мың, Семейде – 20,2 мың, Петропавловскіде – 19,7 мың, Әулие-Атада (қазіргі Тараз) – 11,7 мың, Шымкентте – 11,2 мың, Ақмолада – 9,7 мың, Гурьевте (қазіргі Атырау) – 9,3 мың, Павлодарда – 7,7 мың, Перовскіде (қазіргі Қызылорда) – 5,0 мың, Ақтөбеде – 2,8 мың.

1917 жыл

Халық саны – 6 218 300 адам.Соның ішінде қазақтар – 3 615 000 (58%).

1926 жыл

Қазақстанда 6 198 467 адамтіркелген. Оның ішінде қазақтар – 3 627 612. 1897 жылғымен салыстырғанда небәрі 11 мыңға ғана өсіп, үлесі 58,5%-ға дейін төмендеді.

1917-1920 жылдар аралығында халық саны 6 218 300 адамнан 4 679 795 адамға, ал 1923 жылы 3 786 910 адамға дейін кеміді. Осылайша, алты жылда 2 431 390 адамға азайды.

1939 жыл

КСРО-ның 1937 жылы жүргізген халық санағы аяқсыз қалды. Қайта жүргізілген 1939 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 6 530 528 адамтіркелді.

Қазақтар – 2 327 625 адам (37,84%); Орыстар – 2 458 687 адам (40%); Өзбектер – 120 655 адам (1,96%); Татарлар – 108 127 адам; Ұйғырлар – 35 409 адам (0,58%); Әзербайжандар – 12 966 адам (0,21%); Чуваштар – 6 590 адам (0,11%); Қырғыздар – 5 033 адам (0,08%).

1959 жыл

Халық саны – 9 309 847адам.

Қазақтар – 2 794 966, халықтың 29,85%-ы. Орыстар – 3 974 229 (42,68%).

1979-1989 жылдар

Қазақтың саны: 1979 жылы – 5 289 349 (халықтың 36,02%-ы); 1989 жылы – 6 534 616 адам (39,69%-ы).

1990-2018 жылдар

Халық саны – 16 009 597 адам. 1999-2009 жылдар аралығында қазақтар 26%-ға (яғни 2,1 млн-ға) артқан.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздіктегі ең алғашқы Ұлттық халық санағы Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысына сәйкес 1999 жылы 25 ақпаннан бастап 4 наурыз аралығында өткізілді. 1999 жылғы бірінші Ұлттық халық санағының қорытындысымен қаланың халық саны 319324 адамды құрады, оның ішінде ерлер – 148607, ал әйелдер – 170 717 адам. 1989 жылғы санақпен салыстырғанда Астана қаласының халқы 13,5 пайызға өскен. Халықтың қарқынды өсуі бұл қаланың Қазақстан Республикасының астана статусын алғанына байланысты болып отыр.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама