Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақстаннан АҚШ-қа кетіп қалған студент: Өз жерім туралы ешқашан жаман жазған емеспін

Бірнеше күннен бері отандық БАҚ-тың бетінен түспеген қазақстандық студент Темір Хан Exclusive порталына сұхбат беріп, өз Отаны туралы жамандық айтпағанын алға тартты.

Шулы посттың авторы көптеген басылымдар оның сөзін дұрыс бермегенін айтып, сұхбат беруге бел буған.

"Мен бұл посттың мұншалықта танымал болатынын тіпті болжамаппын. Бұған дейін осы мазмұндағы посттар жазып көрген емеспін. Менің оқиғам - кәдімгі кез-келген жас азаматтың оқиғасы. Біреулер "байдың баласы" деп айыптап жатыр. Америкада тұрсаң, біздікілер үшін "байдың баласы" болып шыға келесің. Менің ата-анам - қарапайым адамдар, бай отбасынан шыққан жоқпын. Бірақ кезінде олар барынша мен үшін тырысты, соның арқасында мен білім алып, дамыдым", - дейді отандасымыз.

Айтуынша, адамдардың оған деген ызасының себебі де түсінікті. Ол Америкадағы тек көңілді өткізген уақытынан сыр шертетін суреттерді ғана салып отырған: сұлу қыздармен құшақтасып тұрғаны, кальян шеккені, кабриолетте отырғаны, серфингте жүргені.

"Бірақ осының бәрі маған маңдай термен келген: жасөспірім шағымда мен компьютерлік клубтар мен түнгі клубтардың орнына кітапханада отырып, француз және ағылшын тілін оқыдым. ҚазҰУ-ды бітірген соң  Work and Travel бағдарламасы бойынша АҚШ-қа аттандым. Даяшы, такист болып жұмыс істедім. 120-150 доллар алып тұрдым. Одан кейін оған қол сілтеп, экономикалық білімімді жетілдіруге бел будым, ағылшын тілін жергілікті азаматтардан кем білмейтінімді дәлелдедім", - деп жалғастырды Темір.

Отандасымыз жалғыз тұрып, барлық шығынды өзі төлеп тұратынын айтты. Беделді қаржы компаниясында қызмет ететін жігіттің гринкартасы бар екен. Бірақ азаматтығын әлі ауыстырмапты.

"Америка маған оң көзбен қарады. Бәріне сондай қатынас танытады. Бірақ мен Амриканың жақсы көретіндігім - Отанымды жек көрем, маған барлық берген дүниесі үшін разы емеспін деген сөз емес", - дейді ол.

Темір теріс комментарилерге ренжімейтінін айтады. Ол бәрін жаппай АҚШ-қа көшуге шақырмағанын да алға тартады, тек қай жерде нәпақаңды таба аласың, сол жерге аяқ басу керек екендігін меңзегенін сөзге тілге тиек етті.

"Егер сіз отанымызда жақсы қызмет тауып, өмір сүріп жатсаңыз, сіз үшін шын жүректен қуаныштымын. Мен де аяғыма тік тұрғым келді, бірақ көптеген басқа жігіттер сияқты менің елде жолым болмады", - дейді Темір.

Сұхбатты отандасымыз: "Мен Отанымызды жақсы көремін. Еліміз туралы ешқашан жамандық жазған емеспін. Бірақ Отанды бюрократиямен шатастырудың қажеті жоқ. Бәрін бір Алла көріп тұр. Америкада мен қазақ болып қалдым", - деп аяқтады.

Еске сала кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай, АҚШ-ты көрген қазақ баласы Қазақстаннан саналы түрде бас тартты.

Әлеуметтік желілерде белсенділер АҚШ-ты көріп, енді елге қайтып оралғысы келмей қалған қазақстандық студентке жарысып жауап жазды. Отандастарымыз студентті сынап, "жар салып кетудің қажеті шамалы" екенін айтқан.

Сонымен қатар бірер күн бұрын Facebook-тің басқа қолданушысы Еркін Бахазатхан Қазақстаннан шетелге кетудің басты себептерін тізбектеп бергенеді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама