Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Қазақстанның 18 ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. 18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
8 сынып
І БӨЛІМ. Қазақстанның 18 ғасырдағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. 18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Конспект
Орыс мемлекеті ортаазиялық хандықтармен сауда - экономикалық, дипломатиялық қатынастарын кеңейткеннен кейін, 16 ғасырдың соңы – 17 ғасырдың басында Қазақстанға қызығушылығы арта түсті. 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырда орыс мемлекетінен қазақ даласы арқылы Бұхар мен Хиуаға 44 елшілік пен орыстың 9 дипломатиялық желілері өткен. 1613 жылы 300 адамнан тұратын Ходжа Наурыз елшілігінің сауда керуені қазақ даласы арқылы Орта Азиядан Астраханға, Еділ өзенімен Саратовқа, Самараға, Қазанға барған.
Орыс үкіметі Қазақстанмен шекарада қорғаныс бекіністерін салуға кірісті. Обск қалашығы (1585 ж), Түмен (1586 ж), Тобыл (1587 ж), Тара (1594 ж), Томск (1604 ж) әскери - бақылау қоныстары Қазақ хандығының солтүстік - шығысын отарлауда тірек болды. Жоғарғы Ертіс бойына салынған Жәміш (1716 ж), Омбы (1716 ж), Железинск (1717 ж), Семипалатинск (1718 ж), Павлодар, Өскемен (1720 ж) әскери бекіністері қазақ жеріне Ресей әскерінің ішкерілеп енуін жеңілдетті. Қазақ - жоңғар қайшылықтарының шиеленісуі, И. Д. Бухгольц, В. Чередов, П. Ступин, И. Н. Лихаревтің қазақ өлкесіне әскери жорықтары Ресейдің Қазақстандағы ықпалын күшейте түсті. Ресей Қазақ хандарының ойрат жаулаушыларымен күресін өз мақсатына шебер пайдаланды.
Қазақ жерін біріктірушілердің бірі Тәуке хан Ресеймен қарым - қатынасты ушықтырмай, шыдамдылық көрсетіп, елдің басты күшін жоңғарларға қарсы жорыққа бағыттады. Тәуке хан билеген кезде қазақ хандығын уақытша болса да қалыпқа келтіріп, бір орталыққа бағындырды. Ол 1715 жылы (кейбір деректерде 1718 жылы) қайтыс болды. Тәуке ханның орнын басқан Қайып сұлтан хандықты әлсіретіп алды. Кіші жүзді Әбілқайыр, Орта жүзді Сәмеке, Күшік, Ұлы жүзді Жолбарыс басқарып, үш жүздің бірлігі әлсіреді. Ішкі саяси жағдайға Нұралы мен Ералы, Орта жүзде Барақ сұлтан, шақшақ руынан Жәнібек Қошқарұлы, қанжығалы Бөгенбай, Ұлы жүзде Төле би мен Бөлек, Хангелді батырлар айтарлықтай ықпал етті. Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресін ұйымдастыруда белгілі қолбасшы және мемлекет қайраткері Әбілқайыр ерекше көзге түсті. 18 ғасырдың басында қазақ феодалдық мемлекетінің ішкі және сыртқы саяси ахуалы күрделі жағдайда қала берді.
Конспект сұрақтар
1. Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайына ықпал еткен Ұлы жүз қайраткерлері:
2. Павлодар, Өскемен бекіністері қай жылы салынды:
3. Орыс үкіметі Қазақстанмен шекарада 1604 жылы салған бекініс - қоныс:
4. Ходжа Наурыз елшілігінің сауда керуені қазақ даласы арқылы Қазан қаласына барған жылы:
5. Тәуке ханнан кейін таққа кім отырды:
6. Жәміш (Ямышевск) бекінісі қай жылы салынды:
7. Орыстың қай патшасы «Барлық Азия елдері үшін Орда кілт пен қақпа» деп айтқан:
8. 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырда Қазақстан арқылы Бұхар мен Хиуаға қанша Ресей елшілері өтті:
9. Тобыл бекінісі қай жылы салынды:
10. Обск қалашығы қайда орналасқан:
Тақырыптың тесті
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама