Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қазақстанның демократиялық мемлекет ретінде дамуы
Пәні: Қоғамдық білім негіздері
Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның демократиялық мемлекет ретінде дамуы (презентациясымен)
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Қазақстанда демократияның алғашқы қадамы мен орнығуы туралы мәлімет беру.
Тәрбиелігі: Қазақстанды демократиялық мемлекет деп көрсетіп, оларды еркіндікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Мәтінде кездесетін термин сөздердің мәнін ашып көрсету.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: Өзін - өзі басқару
Көрнекілігі: Тірек - схема, слайдтар

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
а) Сәлемдесу
б) Оқушыларды түгендеу
в) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
а) Ұяшықтардан шыққан сұрақтарға жауап алу
1. Демократия сөзінің мәні неде?
2. Демократиялық режимінің басты белгілері қандай?
3. Құқықтық мемлекеттің басты мақсаты қандай?
4. Құқықтық мемлекеттің негізгі қалыптастыратын ұстанымдарын ата.
5. Демократия сөзіне АҚШ президенті Авраам Линкольнің берген анықтамасын ата.
6. Демократияның пайда болуы мен дамуына қандай жағдай әсер етеді.
7. Құқықтық мемлекеттің негізін қалайтын қағидаларды ата.
8. Демократия сөзін алғаш қолданған кім?
9. Қоғамдық өмір жүйесі дегеніміз не?
10. Қазіргі Қазақстан құқықтық қоғам орнату барысы қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары
1. Демократияның алғашқы қадамы
2. Президенттік республиканың орнығуы
3. Парламенттің заң шығарушы орган ретіндегі рөлі
4. Қазақстанда парламентаризмнің дамуы.

а) Жаңа сабақ жоспар бойынша оқушыларға бөлініп беріледі.
б) Белгілі бір уақыт дайындалып, жаңа сабақты оқушылар айтады.
в) Жоспар алмаған оқушылар мәтіннен тірек - схема құрайды.
г) Схеманы тақтаға шығарып, дайындалған оқушылар жаңа тақырыпты баяндайды.

IV. Бекіту
а) Хронологиялық жұмыс
Сандар сөйлейді -------------------------- Болған оқиға
1990 ж. 25 – наурыз
1990 ж. 24 - сәуір
1991 ж. 1 - желтоқсан
1992 ж.
1993 ж.
1995 ж.

б) Тест сұрақтарын орындату.
1. Жоғарғы Кеңестің (парламентінің) алғашқы демократиялық сыйлауы өтті.
а) 1990 ж. 25 - наурыз
б) 1990 ж. 24 - сәуір
с) 1990 ж. 1 - желтоқсан

2. Бүкілхалықтық демократиялық сайлауда Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті тұғырына орнықты.
а) 1991 ж. 1 - желтоқсан
б) 1993 ж. 1 - желтоқсан
с) 1995ж. 1 - желтоқсан

3. 1993 ж. Алғашқы тәуелсіздік Конституциясында шектеулі өкілеттілік
а) Парламенттік
б) Соттың
с) Президенттік

4. 1995 ж. Конституция қай елдің үлгісімен жасалды.
а) Англия
б) Франция
с) Италия

5. Қазіргі демократиялық елдерде заң шығару қызметі үлесіне тиесілі.
а) Парламенттің
б) Президенттің
с) Үкіметтің

6. Қазақстанда парламентаризмнің институт ретінде қалыптасты.
а) 1980 ж.
б) 1989 ж.
с) 1990 ж.
7. 1995 ж. Конституция негізінде құрылған екі палаталы жаңа Парламент өз қызметін бастады.
а) 1991 ж. 30 желтоқсан
б) 1994 ж. 30 қазан
с) 1996 ж. 30 қаңтар

8. Үкіметтің құрамын анықтауға, ішкі және сыртқы саясат мәселесін шешуге, республикалық бюджетті бекітуге мүмкіндігі бар.
а) Парламент
б) Сот
с) Үкімет

9. Жеті депутатты сенатқа тағайындайды.
а) Дауыс беру арқылы
б) Үкімет
с) Президент

10. Төменгі палатаға партиялар тізімі бойынша сайланады.
а) 7 депутат
б) 10 депутат
с) 67 депутат

V. Қорытынды
а) Тесттің сұрақтарының қорытындысын шығару.
б) Оқушылардың баяндаған жаңа сабақтарын толықтырып қорытындылау.

VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама