Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы (күнделікті сабақ жоспары)
Күнделікті сабақ жоспары, география 8 сынып
Тақырыптар:
21 - сабақ. Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы.
22 - сабақ. Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары. Ауаның қысымы және желдер. Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы
23 - сабақ. Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы. Климаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері.
24 - сабақ. Агроклиматтық қорлар. Павлодар облысының климаты және климат құрушы факторлар.
25 - сабақ. №4 Сарамандық жұмыс. Қайталау сабағы


Сынып: 8
Тақырыбы: Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы.
Білімділік. Оқушыларға Қазақстан климатының ерекшеліктерін түсіндіру. Климат құрушы факторлар туралы білімдерін жүйелеу және «күн радиациясы» ұғымын қалыптастыру. Күн радиациясының түрлерімен (тура, шашыранды, жиынтық) таныстыру. Қазақстан аумағында күн радиациясының таралу заңдылықтарын түсіндіру.
Дамытушылық. Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясының картасы мен физикалық картасын салыстырып, сәйкестендіру арқылы икемділіктері мен дағдыларын дамыту..
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал - жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясының картасы
Негізгі ұғымдар: климат, климат қалыптастырушы факторлар: географиялық ендік, ауа массалары, климатқа мұхиттар мен ағыстардың, жер бедері мен биіктіктің әсері
Номенклатура:

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
2. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі
Бұрынғы өткен сыныптарды еске түсіру сұрақтары:
1) Климат дегеніміз не? Ол қандай климат құрушы факторларға тәуелді? Климаттың қалыптасуына географиялық ендік пен жер бедерінің ролі қандай?
2) Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан? Қазақстан аумағының мұхиттардан алыс орналасуы оның климатына қалай әсер етеді?

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.
Сұрақтарға жауап ала отырып, оқушыларды климаттың қалыптасу себептерін, климат құрушы факторлар арасындағы себеп - салдар байланыстарын ашуға үйретеді. Қазақстан климатының ерекшелігіне сипаттама береді: Қазақстан климаты шұғыл континентті, Қазақстан климатының қалыптасуына негізгі үш фактор әсер етеді: күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы, төсеніш бетінің сипаты.
Оқушыларға сұрақ қояды: Жер бетіндегі тіршілік үшін күннің қандай ролі бар? Күн радиациясы ұғымына анықтама беріп, өлшем бірлігін айтады: Радиация дегеніміз не?

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Күн радиациясының географиялық ендік бойынша таралуынды оқулықтың 84 - 85 беттеріндегі Қазақстан аумағының жиынтық күн радиациясы картасымен жұмыс істеуге тапсырма береді:
1. Картадан Петропавл, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Тараз және Шымкент, қалаларының жиынтық күн радиациясының мөлшерін анықтаңдар.
2. Қазақстан аумағындағы 66° меридиан бойынша оңтүстіктен солтүстікке қарай жиынтық радиация мөлшері қалай өзгереді?
3. Бір ендік бойында орналасқан Алматы және Владивосток қалаларында жиынтық радиацияның мөлшері не себептен әр түрлі?
4. Алынған фактілерді пайдалана отырып жиынтық радиацияның таралу заңдылықтары туралы қорытынды шығарыңдар.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі
1. Қазақстан климатының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
2. Күн радиациясының түрлері қандай?

6. Бағалау кезеңі
Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
Кескін картаға жиынтық күн радиациясын түсіру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама