Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Бүгінде күні Елбасымыз «Қазақстан - 2050» даму стратегиясын қабылдай отырып, озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойды. 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алғаны белгілі. Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асырылуда. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды. Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді және өз реттерімен жүзеге асырылуда.

Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, тәуелсіз Қазақстан әлемге танылды. 2017 жылы БҰҰ – ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі құрамына кірді. ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болдық. Еліміздің әлеуметтік - экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім. Елбасы Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екенін үлкен сенімділікпен атап өтті.

Еліміздің 30 елдің қатарына қосылуы және әлемдік деңгейде көрінуі мақсатында, Елбасы 2018 жылға арналған халыққа жолдауында 10 нақты міндетті анықтап берді. Жолдауда индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту, көлік - логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын «қайта жаңғырту». адами капитал – жаңғыру негізі, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін деген міндеттер жүктелді.

Жолдаудың 7 тармағында білім берудің жаңа сапасы жайлы толық дерлік тоқталып өтті. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің толық жүйемізді құруды жеделдету мен білім беру бағдарламасының негізгі озық бағыттарына үнемі бейім болуға, жаңа білімді меңгеру қабілеттерін дамытуға шақырды.
Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар.

Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады.

Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама