Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақтың бағы да, байлығы да - Тәуелсіздік
«Қазақтың бағы да, байлығы да – Тәуелсіздік!»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жету жолындағы айшықты ісіне шолу жасап түсінік беру; оқушылардың ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін арттыру және елін сүйетін ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, презентация, ұлағатты сөздер.

Тәрбие сағатының барысы:
1 - жүргізуші (Турткараева Айдана):
Қазақстан – көк байрақты нұр едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым, тірегім.
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын!

Әнұран орындалады.
2 - жүргізуші ( Орынбасар Ахмет):
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, ата – аналар, бүгінгі кешке қатысушы қонақтар! 16 желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік алған күніне арналған «Қазақтың бағы да, байлығы да – Тәуелсіздік» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші (Турткараева Айдана):
Тәуелсіздік – бұл егеменді еліміздің ең биік тұғыры. Бұл тәуелсіздік жолында қаншама ғасырды бастан кешірдік. азаматтық туы көкте желбіреп, бостандық қыраны көгімізде еркін самғап қалықтауы үшін өткелі қиын, бұралаң жолдардан өттік. Батырлығымыз бен жігерлігіміздің және рухымыздың жоғарлығының арқасында аңсаған тәуелсіздікке де қол жеткіздік.

2 - жүргізуші ( Орынбасар Ахмет):
Міне биыл тәуелсіздігіміздің арайлап атқан таңына 22 жыл! Осы жылдар ішінде саяси жүйесі тұрақты, экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі зор қуатты мемлекетке айналдық.
1 - жүргізуші (Турткараева Айдана):
Біз тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы мәдениетіміз бен салт – дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді қайта өркендеттік. Тәуелсіздігіміздің рәмізі саналатын әнұранымызды, туымызды, елтаңбамызды және төл теңгемізді сайладық. Бірлігіміз бен бейбітшілігіміздің негізі Конституциялық заңды бекітіп, айбарлы айбарымызды құрдық.

2 - жүргізуші ( Орынбасар Ахмет):
Көптеген елдермен экономикалық қарым – қатынас орнату арқылы бүкіл әлемге қайтпас қайсар қазақ деген халықтың бар екендігін жария еттік. Ендігі мақсатымыз – бәсекеге барынша қабілетті дамыған елу елдің қатарына ену.
Оқушылар өлең жолдарын оқиды.

1 - оқушы ( Атыгаева Асем):
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
2 - оқушы ( Утегенов Алихан):
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
Айта бергім келеді, айта бергім.

3 - оқушы ( Имаш Дилназ):
Мен қазақпын қаныммен, сүйегіммен,
Сән – салтанат салтымды сүйемін мен.
Бақ орнатам басына моланың да,
Мұрагермін оған да, иемін мен.

4 - оқушы ( Мустафаев Нурлыбек):
Тағдыр мені мирастан арылтпасын,
Тоқтатпасын, тостырып сарылтпасын.
Ұзын болып аяққа оралмасын,
Тұсау болып адымды тарлтпасын.
Экраннан презентация көрсетіліп тұрады. Баяу ән ойнап тұрады.

1 - жүргізуші (Турткараева Айдана):
1991 жыл. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі жарияланды.
Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
2 - жүргізуші ( Орынбасар Ахмет):
1992 жыл. Қазақстан Республикасының ішкі әскері құрылды.
4 - маусымда мемлекеттік рәміздер қабылданды.

1 - жүргізуші (Турткараева Айдана):
1993 жыл. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 15 - қарашада айналымға енгізілді.
2 - жүргізуші ( Орынбасар Ахмет):
1994 жыл. Наурыз айында Тәуелсіз Қазақстан ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты.
1 - жүргізуші (Турткараева Айдана):
1995 жыл. 30 – тамызда Қазақстан Республикасының Ата заңы қабылданды.

Қостанай қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы
дарынды балаларға арналған мектеп - интернаты
Өткізген: Сайпилова А. С.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама