Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Қазақтың салт-дәстүрлері
Ашық сабақ 9 класс
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт - дәстүрлері
Мақсаты: Салт - дәстүрлер туралы білетін мағлұматтарын толықтыру.
Білімділік – салт дәстүрлер туралы бұрын алған білімдерін пысықтап, отбасы дәстүрлерін талдау арқылы коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру. Мүлік, аластау, құндылық, мұра сөздерін меңгерту;
Дамытушылық – оқып түсіну, тыңдап түсіну арқылы мәтін мазмұны бойынша сұрақ қою, әр түрлі жағдаятта сұхбатқа түсу дағдыларын жетілдіру. Салалас құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасау машықтарын дамыту.
Тәрбиелік – оқушылардың жалпы дүниетанымын кеңейту, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, салт дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу, қазақи болмысқа баулу.
Құзыреттіліктер: сабақ мазмұны арқылы – пәндік; интерактивті тақта арқылы – ақпараттық; салт дәстүрлер туралы мәліметті талдау арқылы – коммуникативтік құзыреттілік қалыптастыру.
Типі: жаңа білімді меңгерту. Түрі: аралас, дамыта оқыту. Әдіс тәсілдері: интерактивті әдіс, проблемалық сұрақтар, жағдаят(ситуациялық диалог), сын тұрғысынан ойлау, лексикалық ойын, әңгімелеу.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушыларды сабаққа ынталандыру, сәттілік тілеу.
Қызығушылығын ояту кезеңі: жаңа тақырыпқа шығу үшін ән тыңдалады. Балалар бұл әнде не туралы айтылатынына тоқталады.
- Дұрыс ендеше біздің тақырыбымыз –«Қазақ халқының салт - дәстүрлері». Сабағымыздың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?
Ой қозғау: Салт дәстүрлер туралы өздерің не білесіңдер?(оқушылар пікірін тыңдау).
шілдехана
тұсау кесер
сүндет той
беташар

Мұғалімнің кіріспе сөзі:– Иә, балалар, салт дәстүрлер өте көп. Олар: тәрбие дәстүрлері, отбасы дәстүрлері, діни дәстүрлер, наурыз дәстүрлері, еңбек дәстүрлері болып бөлінеді. Әрбір халықтың салт - дәстүрі ұлттық рухани құндылығы болып саналады. Біздің еліміздің барлық дәстүрлерін зерттеп, зерделеп, кітап етіп шығарған – ауыз әдебиетінің жинақтаушысы, белгілі шежіреші, этнограф Сейіт Кенжеахметов.
Слайд - шоу «Қазақтың салт – дәстүрлері»

Жаңа сөздер:
Шілдехана – вечеринка по поводу рождения ребенка
нәресте – новорожденный, младенец
Қырқынан шығару – отмечать 40 дней со дня рождения
Аластау – изгонять
Дәстүр – традиция
Кәде – подарок
Құндылық – ценность
Мұра – наследия
Енді осы жаңа сөздермен сөйлем құраңыз (ауызша)

Мәтін бойынша жұмыс.
1. Мәтінді түсініп оқып, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер (жеке жұмыс).
2 - тапсырма. 1. Әр қатар бір мәтіннен алады. Етістіктерді теріп жаз( жеке жұмыс)
1-қатар - Шілдехана.
2 қатар - Қырқынан шығару.
3 қатар - Бесікке салу.
Жауабы:
(1. Жасалатын, жайылып, тартып, салып, ойналады, болса, өмір сүреді, )
(2. Толған, құйып, шомылдырады, алады, шешіп алып, сақтап қояды, жайылады)
(3. Болып есептеледі, жүктеледі, жайылып, беріледі)

Тапсырмалар бойынша жұмыс.
А) Салт - дәстүрлер бойынша жағдаят (ситуация) құрастырып, екеуара сөйлес (жұптық жұмыс). (2 - 3 минут уақыт беріледі)

Ә) Берілген сөйлемнен құрмалас сөйлемді тауып, синтаксистік талдау жаса (жеке жұмыс) Сөйлемдер

Шілдехана думанды, қызықты өтеді және де ұлттық ойындар ойналады. Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады. Мерекелік дастарқан жайылады және бесікке салған адамға кәде беріледі. Әрбір халықтың салт - дәстүрі ұлттық рухани құндылығы болып саналады.
Б). Мәтінді өз сөздеріңмен мазмұндау (жеке жұмыс)

Рефлексия. Проблемалық сұрақ:
1. Балалар, сендердің ойларыңша, салт – дәстүрлер бүгінгі қоғамға керек пе? Неге?
Оқушылардың пікірін тыңдау.

Бекіту. «Салт – дәстүр» сөзімен сэнквейн құру.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру. «Маған ұнайтын қазақтың салт – дәстүрі» тақырыбына шығарма жазу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама