Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Qbasic тілінің графикалық операторлары
Информатика 6 сынып
Тақырыбы: «Qbasic тілінің графикалық операторлары»
Сабақтың тақырыбы: Графикалық объектілерді программалау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Компьютер экранында Qbasic - те сурет салу. Графикалық объектілермен жұмыс.
Графикалық операторлар:
SCREEN 9, PSET, LINE, CIRCLE, PAINT.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін дамыту.
Тәрбиелік: Компьютерлік сауаттылыққа, ақпараттық мәдениеттілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ. Өткен материалдарды пысықтау.
Сабақтың әдісі: Топпен оқыту, сұрақ - жауап,
компьютермен жұмыс жасау.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.(2мин)
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Программа деген не?
2. Qbasic программалау тілі
3. Оператор деген не?
4. Компьютерлік графика деген не?
5. LINE операторы
6. СIRCLE операторы
7. PSET операторы
8. DRAW операторы
9. SCREEN операторы
10. SCREEN 9 режимінің шешуі

Жаңа сабақ:
Компьютер экранында Qbasic - те сурет салу. Графикалық обьектілерді программалау.
Компьютер экранында Qbasic - те сурет салу үшін графикалық операторлар қажет. Дисплей экранында экранның сол жақтағы жоғарғы нүктесінде басталатын, солдан оңға қарай бағытталған Х осімен, жоғарыдан төмен бағытталған У осімен координаттардың тікбұрыш жүйесі бекітіледі.
Графикалық бейнелер арнайы графиктік беттерде (жазықтықта) салынады. Жазықтықта түрлі бояу түстерін және сызуларды пайдалана сурет салуға болады. Ондай графиктік беттер дәл және жуық кескіндер бере алады.
ЭЕМ – нің экранында декарт координаттар жүйесі мына төмендегі суретте көрсетілгендей түрде беріледі.
1. Жоғары дәлдікті графикалық режим SCREEN 9.
Бұл режимде декарт координаттар жүйесінің ох осі 640 нүктеден, ал оу осі 350 нүктеден тұрады, яғни экранның өлшемдері 640*350 нүкте болады.
SCREEN 2 - экранның өлшемдері 640*200. Бұл режимде екі түс ақ және қара.
SCREEN 7 - 320*200 нүктеден тұрады.
SCREEN 8 - 640*200
Топпен оқыту әдісімен қолдану. Оқушыларға әр топтың атына байланысты сурет қиындылары таратылады. Оқушыға қандай сурет түссе, сол топқа барып жайғасады.
Топқа бөлу
1. LINE тобы. Суреті
2. СIRCLE тобы. Суреті
3. DRAW тобы. Суреті

Әр топқа әдістемелік көмек ретінде түстер кестесі және операторының бағыттарының сызбасы беріледі. Әр столда 1 плакат, маркерлер бар. Сабақ барысында топ оқушылары топ атауына сәйкес суреттер салып, мәтін жазып, сабақ соңында өз шығармашылық жұмысын қорғайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама