Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қыдырбайдың адасуы

Қыдырбай деген шал өмірі ауылдан ұзап, далаға шықпаған кісі екен. Бір күні жұрт жиналып кім қайда барғанын әңгімелеп отырады. Кезек Қыдырбайға келеді. Сонда ол:

— Ей, шырақтарым-ай, мен не көрмеді дейсің, тіпті сонау Қызылсуды да көрдік ғой, — депті.

Сөйтсе, Қызылсу ауылдың ар жақ түбіндегі мал суаратын өзенше екен.

Сол Қыдырбай бір кісіге еріп ұзақ жол жүріп, ауылға қайтып келе жатқанда, адасып кетіпті. Сонда Қыдырбай қасындағы кісіден:

— Қызылсуды сен тапсаң, ауылды мен табайын, — депті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама