Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қ.Ыдырысовтың «Менің өлкем» өлеңін жаттау
Өлеңді мәнерлеп айтуға машықтандыру. Отанына деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін, қоршаған ортаға қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Қ. Ыдырысовтың «Менің өлкем» өлеңін оқу, мағынасын түсіндіру. Өз ойларын айта білу дағдыларын дамыту.
Қ. Ыдырысовтың суреті, слайд «Менің туған өлкем»
Әңгімелеу, сұрақ - жауап, өлеңді жаттау.
Отан - Родина, табиғат - природа.
Мәңгі бақи, асқар тауларым.

Мотивациялық - қозғаушылық
«Шаттық шеңбері»
Балалар, бізге қонаққа келген апайлармен сәлемдесейік:
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз
Апайларды көргенде
Қуана қарсы аламыз.
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
- Балалар, бәріміз бірге екенімізді сезіну қандай тамаша!
- Бүгінгі күнге тілектер айтады.

Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?
- Қазақстан қандай Республика?
- Біздің елімізді басқарып отырған Елбасы кім?
- Еліміздің астанасы қай қала?
- Ұлтымыз кім?
- Республикамыздың қандай рәміздерін білесіңдер?
- Балалар, біз қай қалада тұрамыз?
Балалар, кәзір біз «Туған өлкем, Астанам» әлеміне саяхат жасаймыз
Балалар шеңбер бойына дөңгелене тұрып, көздерін бір минуттай жұмып, сонан соң көздерін ашып, бір - біріне қарама - қарсы тұрып, жылы лебіздер білдіреді.

Сұраққа жауап береді.
Слайдтан Астананың көрнекті жерлерін тамашалайды.

Нұрай:
Отаным - алтын бесігім
Тербеттің мені төсіңде.
Жүреді сенің есімің
Ер жеткен есімде.
Әділбек:
Отан – тарих, Отан - тіл
Жасаған елім, өз халқың.
Отан - өлең, Отан - жыр
Көтерген көкке ел даңқын.

Ұйымдастырушы-ізденушілік
Слайд:
Қазақстанның ақын - жазушыларының Отан, туған өлке жайлы жазған көптеген өлеңдерін жаттағандарын естеріне түсіріп, кезекті балалардың жаттаған өлең тақпақтарына беру.

Қ. Ыдырысовтың суретін көрсетіп, оның шығармашылығымен таныстыру.

Балалар, бүгін біз Қабдыкәрім ағаларыңның «Менің өлкем» өлеңімен танысып, мәнерлеп жатқа айтуды үйренеміз.
Өлеңді оқып, мазмұны бойынша сұрақ - жауап әдісімен әңгіме өткізу.
«Менің өлкем»
Алатау, Алтай, Атырау, Арқа, Арқалық -
Өлкемнің байтақ қуанышын, достар ал таңдап,
Қазақстан шаттықтың елі шалқыған,
Қарсы алған күліп, арайлы туған әр таңын.
Қазақстан - батырлар елі, ер елі,
Бауырмалдық, достықтың елі өрелі
ҚАЗАҚСТАНЫМ - Сарыжайлау, асқар тауларым,-
Мәңгі бақи жырланып бітпес өлеңім.
- Өлеңде не жайлы айтылған?
- Қандай табиғат байлықтары туралы айтылған?
- Ақын өз Отанын жақсы көре ма, қалай ойлайсыңдар?
Есте сақтау мақсатында өлеңді бірнеше рет қайталап оқу.
«Өлең жолдарын аяқта» ойын жаттығуларын өткізіп, өлең жолдарының бастапқы жолдарын айтып, балаларға аяқтауды ұсыну.
2 - 3 балаға естерінде қалған өлең жолдарын жатқа айтқызу.

Сергіту сәті:
«Қаражорға» биінің іс - қимылдарын музыкаға сәйкес орындау.

Шығармашылық әрекет:
«Меңің өлкем» тақырыбында сурет салып, өз ойларын ортаға салады.

Отан, туған жер жайлы мақал - мәтелдер айтқызу.

- Отан отбасынан басталады.
- Туған жер алтын бесік.
- Туған жердің топырағы да ыстық.

Рефлексивті - түзетушілік.
Қорытынды:
Іс-әрекетті сұрақ - жауап әдісімен қорытып, «Менің Қазақстаным» әнімен аяқтау.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Туған ел, Отан жайлы біледі;
Нені игереді: Сурет салып, өз ойларын әңгімелей білуді;
Нені білу керек: Өлеңді мәнерлеп жатқа айтуды;

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама