Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қыпшақ хандығы
Сабақтың мақсаты: Қыпшақ хандығы туралы алған білімдерін еске түсіре отырып, жаңа мәліметтермен білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Тарих фактілерге сүйене отырып оқушының көзқарасын қалыптастыру, дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Карта, тірек-сызба, интерактивті тақта
Түрі: Бекіту, жаңа білім игеру.
Сабақтың өту барысы: Ұйымдастыру. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Мұғалім сөзі: Қазақ жері-мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың мекені, болған кіндік қанымыз тамған киелі мекен. Бүгін біз қазақтың орта жүзінің белді руы Қыпшақтар туралы өткенді еске түсіріп білігенімізге жаңа мәлімет қосамыз.
Еске түсір
Ой шақыру.
1. Қыпшақ хандығы қай уақыттарда өмір сүрді?
2. Орыс жылнамаларында қыпшақтарды қалай атады? Половецтер
3. «Құндар», «Командар» деп қыпшақтарды кімдер атады? Венгрлер
4. Қыпшақтардың басқару жүйесі?
Орда:
1. Оң қанат – Сарайшық
2. сол қанат- сығанақ
5. Картадан Қыпшақ хандығын көрсет.
Тарихи тұлғалар
1. ХІІ ғасырда қыпшақ жерін басып өткен еврей саяхатшысы Петахья өз жазбаларында... (Қыпшақтардың тары мен күріш өсіретіндігін жазған)
2. Қыпшақ хандығында құлдықтың болғандығын қыпшақ тілінде «Яланкуг» деп құлды атағанын жазған кім? (М.Кашқари)
3. Шөлдеп келе жатқанда сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін оны айран деп атайтындығын жазған? (В.Рубрук)
4. Ол малдың көптігіне таңқалғаны соншалықты мұндай мал ешбір елде жоқ деп жазған (Иби Баттута)
Рефлексия
Жаңа сабақты қорытындылау:
«Мен бүгінгі сабақта еске түсірдім, меңгердім» оқушы өз ойын айтады.
Үйге тапсырма:
«Қыпшақ» сөзінің мағынасын білу.
Оқушыларды бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама