Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Естияр тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлім: Тіл дамыту
Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға үйретуді жалғастыру, балаларды анықтауыш синонимдерін жинатуға жаттықтыру. Ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Тіл дамыту дәптері
Ұйымдастырушылық - қозғаушылық
Жұмбақ шешкізу.
Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.
- Ол не, балалар?
- Ендеше қар қай мезгілде жауады?

Ізденіс – ұйымдастырушылық
Есік қағылып топқа Аққала кіреді.
Балаларға «Ақшақар»өлеңін оқып береді.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып - жылтыр боп қатады.
(А. Тоқмағамбетов)
- Балалар, қар қандай болады?
- Балалар, аязды күні қарды басып жүрсең, қандай дыбыс шығарады?
- Қыста қандай ойындар ойналады?
- Ия, тағы қандай қысқы ойындарды білесіңдер?
- Балалар қар күн жылынып кетсе, не істейді?(Ериді)
- Еріген қар күн суытса неге айналады?(Мұзға айналады).
«М», «Н» дыбыстарына жаттығу орындату.
М - м - м - мұз,
Ма - ма - ма - марал,
На - на - на - нан,
Н - н - н - нар.
«М», «Н» дыбыстарының дауыссыз дыбыс екенін айтып өту.
Сергіту жаттығуы.
Ал, балалар, келіңдер,
Бой жазайық бәріміз
Мойынымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз,
Аяқтармен топ - топ басып,
Орнымызға барамыз.
Дәптермен жұмыс.
Тіл дамыту дәптеріндегі тапсырманы орындату.

Рефлексті - түзетушілік
Балаларды соңынан оқу іс - әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап, мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: бірінің сөзін бірі тыңдай білу;
Игереді: бояуды игерді;
Меңгереді: әңгімелей білуді;

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама