Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Қыс қызығы
Тақырыбы: Қыс қызығы
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір салтын қалыптастыруды арттыру. Дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрету, оларды қолдану. Қыс туралы түсініктерін молайту, балалардың қимыл - қозғалысын, икемділігін, ептілігін арттыру. Еркін қимылды ойынды ойнауға және жаттығуларды орындап тепе - теңдік сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, жаттықтыру, сұрақ - жауап, көрсету.
Көрнекілігі: Шыршалар, қарлар, гимнастикалық отырғыш.

Жүру барысы: (Балалар қатармен залға кіріп сапқа тұрады)
- Сәлемсіздер ме, балалар!
- Здраствуйте, дети!
- Good morninq
- Балалар бізде бүгін ерекше күн, бізге қонаққа көптеген
апайлар келіп отыр, ендеше апайлармен амандасып алайын
(қонақтармен амандасу).
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі
- Қазір жылдың қыс мезгілі.
- Жарайсыңдар, балалар, ендеше біз бүгін орманға саяхатқа барамыз. Қыс мезгіліндегі орманның табиғатымен
танысамыз. Орман қашықта орналасқан, сол орманға жету үшін біз көптеген жаттығулар орындауымыз керек. Ал біз ол үшін бірінші денемізді шынықтырып, еркін қимылдауға дайындауымыз керек. Жүру мен жүгіру қимылдарын орындап алайық.
- Қатар сап түзеп тік тұр, оңға бұрыл (балалар қимылмен орындап, оңға бұрылады,
1. Жүрумен жүгіруді
2. Аяқтың ұшымен өкшемен сыртымен «Аюша» жүруді
көрсету, екі аяқпен алға секіру «Қоян»
3. Жұптасып жүру, жыланша жүру,
1 - шеңберден айналу, қимылды орындайды).
- Жарайсыңдар, балалар, енді біз денемізді қыздырып алдық, біз қазір орманда көптеген кедергілер болады, сол кедергілерден еркін өту үшін, денемізді шымырландырып алумыз керек. Қазір біз енді жалпы дамыту жаттығуды қармен орындаймыз. Ол үшін 3 - қатарға бөлініп тұруымыз
керек. (Музыка әуенімен орындау, балалардың екі қолдарында қар).
Жалпы дамыту жаттығулар:
Б. қ. аяқ кеуде тұсында, 1 - қар мойын тұсынан жоғары көтеру2 - мойын тұсына әкелу 5 - 6 рет қ.
Б. қ. аяқ кеуде тұсында, 1 - қолды екі жаққа созу, 2 – жоғары қолды 3 - аяқты бірге көтеру 5 - 6 р. қ
Б. қ. аяқ кеуде тұсында, 1 - оң жоғары көтеру, 2 – сол қолды жоғары көтеру,
5 - 6 рет қайталау.
Б. қ. аяқ бірге, қол төменде 1 - қолды жоғары көтеру, 2 – аяқты бірге жоғары көтеріп ашу, аяқты бірге жоғары көтеріп ашу, 3 - аяқты бірге жинау, қол төменде5 - 6 р. қ.
Б. қ. аяқ бірге, қолды алға созып отыру 5 - 6 р. қ.
Тыныс алу жаттығу.(Қолды жоғары көтеріп, мұрынмен
Демді тартып, ауызбен а - а - а - а деп демді шығарамыз)
(Балалар жалпы дамыту жаттығуды орындап, өз орындарына бір сапқа келіп тұру.) Балаларға енді біз орманға жақын қалғанымыз айтып, жаттығуды орындаймыз.

Атырау қаласы, Бірлік ауылы
№ 35 «Балақай» бөбекжай - бақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы
Ташимова Раушан Нигметовна
Қыс қызығы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама