Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Қыс. Сын есім
Сабақтың тақырыбы: Қыс. Сын есім.

Мақсаты: 1) Оқушылардың алған білімдерін қайталау арқылы сөз байлықтарын, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөз қорларын байыту, білімі мен білгірлігін қайталау арқылы қалыптастыру, үйренген сөздерді тұрмыста қолдана білуге үйрету.
2) Әртүрлі тапсырмалар бойынша балалардың жазу түріндегі жұмыс білімдерін дамыту. Суреттермен жұмыс істей отырып, ойлау, есте сақтау, сөйлесу тілін дамыту, байқампаздық қасиетін дамыту, тіл үйренуге қызығушылығын арттыру.
3) Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту, жануарлар дүниесіне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың түрі: “Білім биржасы” ойыны арқылы оқыта үйрету сабағы
Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ойын түрлері.
Көрнекілігі: слайдтар, сабаққа қызыл, сары, жасыл түсті акциялар дайындалады.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Қайырлы күн. Сәлеметсіңдер ме, балалар!
1. Кезекшімен сұхбат.
2. Мен сендерге жұмбақ айтамын.
Шанамен сырғып желдетіп,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)

III. «Қарлы кесек» ойыны. Осы ойын арқылы сөздіктерді еске түсіреміз. Әр топ бір сөзден 2 сөз тіркесін (зат есім+сын есім) жасайды, солармен сөйлем құрайды.
1 топ – «Демалыс» сөзі
2 топ – «Қар» сөзі

IV. Өз жартыңды тап ойыны. Балаларға қиылған сөздер үлестіріліп, сол сөздерден әркім өз жартысын тауып, сөз құрау керек.
І - топ
• Бө ғап
• Қол рік
• Бә ма
• Е теңке
• Пи тік І - топ
• Бө ғап
• Қол рік
• Бә ма
• Е теңке
• Пи тік

V. Дәптермен жұмыс. Көп нүктенің орнына қазақ тіліне тән дыбыстарды жазып, сөйлемдер құрау
Ет... к ----------------------- М... з
Қ... лақшын ---------------... ыс
Ша... ғы -------------------- Ақ.... ала
Қол... ап ------------------- Шал... ы

VI. Сұрақ - жауап
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Қандай сұраққа жауап береді?
3. Сын есімнің жұрнақтары қандай?
4. Қыста ауа - райы қандай болады?
5. Қыс мезгілінде қандай мейрамдар бар?
6. Біз қандай ақынмен таныстық?
7. Желтоқсан айы қандай саяси жаңалықпен ерекшеленді?
«Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

VII. “Жалғасын тап” ойыны: Мақал – мәтелдердің жалғасын табу
1. Әдепті бала – арлы бала,
...
2. Отансыз адам -...
3. Адам досымен мықты,
...
4. Қыс қамын -...
5. Білекті бірді жығар,
Білімді....

VIII.“Полиглот” жұмбақ шешу
1. Аппақ, аппақ ақ мамық, жерде жатыр тапталып. (Қар, снег, snow)
2. Таудан түссем, тоқтауды білмейді,
Тауға қарай тартсам да жүрмейді. (шана, сани, sledge )
3. Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (шаңғы, лыжи, ski)
4. Шымшып алады қолсыз, сырғанақ жоқ онсыз. (аяз, мороз, frost)

IX. Қорытындылау. Бағалау.
Қызыл акция –«5»
Жасыл акция – «4»
Сары акция – «3»

X. Үйге тапсырма
“Жаңа жыл” тақырыбына эссе жазу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама