Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Класы: 7
Сабақтың тақырыбы:
Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың таным қабілетін арттыра отырып, тақырыптың мазмұнын ашып түсіндіру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, әдептілікке баулу.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, Паскаль шары, слайдтар
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
І жартыжылдық бойынша өтілген тақырыптар бойынша
қайталау сұрақтарына жауап беру:
• Зат құрылысы, зат неден тұрады?
• Диффузия және температураға тәуелділігі
• Заттың күйлері, қасиеттері, молекулалық құрылысы
• Механикалық қозғалыс, оның түрлері.
• Материялық нүкте. Жол және орын ауыстыру.
• Заттың тығыздығы.
• Күш. Күштің түрлері. Күшті өлшейтін аспап.
• Деформация, оның түрлері. Гук заңы

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Кіріспе: Слайдтан суреттер көрсете отырып, қысым ұғымын енгізу
Қысымның анықтамасын, жазылу өрнегін, SI жүйесіндегі өлшем бірлігі
Анықтамасы: Белгілі бір бетке перпендикуляр түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды
жазылу өрнегі: қысым=күш/аудан
өлшем бірлігі: 1 Ньютон/1 м. кв. =1Паскаль
Қатты, сұйық, газ тәрізді денелердің молекулалық құрылысындағы айырмашылықты түсіндіре отырып, заттың үш күйі арқылы қысымның берілуін түсіндіру
Қысымның берілуіне мысалдар қарастыра отырып, оқушылардың ойын қорыту:
Молекулалардың еркін қозғалуынан сұйықтар мен газдарға түсірілген
қысым, барлық бағытта бірдей беріледі!
Паскаль шарының жұмысын көрсету.
15 - жаттығудан есептер шығару
Оқушылардың ой ұшқырлығын дамытуға арналған логикалық есептер:

IV. Сабақты қорытындылау
V. Оқушыларды бағалау
VI. Үйге тапсырма

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама