Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қысқа мерзімді жоспар
Жалпы білім беретін Бұлдырты орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Зульфат Мухатова

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ тақырыбы:
1. Жамбыл Жабаев «Менің өмірім» (әдебиеттік оқу 3 сынып)
2. Кенді пайдалы қазбалар (дүниетану 3 сынып)


Әдебиеттік оқу 3 сынып
Тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Менің өмірім»
Мақсаты: Бала Жамбылдың өнер адамы болып қалыптасуындағы өскен ортасының, ұлттық салт - дәстүрдің әсерін түсінуге жағдай туғызу. Ақынның талпынысы мен табандылығынан үлгі алуға үйрету.
Қажет құрал - жабдықтар: Флипчарт, стикер, Ж. Жабаев портреті, 3 түсті құмыра (жасыл, сары, қызыл), 3 тілде жазылған сөздер тобы(А4)
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

І Кіріспе.
Психологиялық тренинг.

Тұсаукесер
«Ыстық орындық»стратегиясы. Үйге берілген тапсырманы тексеру. Батырдың ұрпағы әңгімесі бойынша сұрақтар.
Үй тапсырмасын қорытындылау:
- Жергілікті жерде батырдың есімімен аталған ауыл - аймақ барма?
- Әлкей сияқты бізде батыр ұрпағы бар ма?

ІІ Негізгі бөлім
Егер бізде батыр есімі ауданға берілсе, яғни жерге, бүгінгі сабақта керісінше - жер аты адамға берілген. Ол - Жамбыл Жабаев атамыздың есімі.
«Категориялық топтастыру» стратегиясын қолдану.
Жамбыл Жабаев туралы не білесің?
1. Флипчартпен жұмыс ұсыну, бұрынғы білімдерін қара түсті маркермен көрсету.

Оқулықпен жұмыс
2. Мәтінді оқуды тапсыру. «Түртіп алу» стратегиясы.
3. Жұптық жұмыс.
4. Оқушылардың негізгі ойын топтастыруға қосу(қызыл түсті маркермен).
5. Сергіту сәті «Көңілді күн»
6. Үштілділік компонент:
Тау - гора - mountain
7.«5 жолды өлең» стратегиясы
8. Деңгейлік тапсырмалар:
- Ж. Жабаевтың балалық шағы несімен қызықты болды?
- Бала Жамбылдың қандай қасиеттерін үлгі етуге болады?
- Әңгімеде қандай ұлттық дәстүр туралы айтылады?
Қорытынды
9.«Соңғы сөйлемді мен айтайын стратегиясы»
- Бала Жамбылдың бойындағы қасиеттер сендерде бар, өйткені мектептегі домбыра, би, саз үйірмелеріне қатысып жүрсіңдер. Өскенде Жамбыл атамыздай дүлділ ақын, атақты домбырашы, өнер иесі болатындарыңа сенемін.

Үйге тапсырма беру
Жамбылдың туған жерінің табиғатының суретін салу.

Бағалау
Өзін - өзі бағалау, жұптық бағалау (жұптық жұмыста, «5 жолды өлең»). 5 тік жүйемен мұғалімнің бағасы (деңгейлік тапсырмалар)

Рефлексия
Оқушылар сабақта қалай және қандай деңгейде жұмыстанғанын бағалау тапсырмасы.

Толық нұсқасын жүктеу
Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама