Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қысқа мерзімді жоспарлар
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы
"ЖББ Қарауыл гимназиясы" КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Исайн Мейрамгул Сайлауханқызы

Сабақ тақырыптары:
1. Тұрақты тіркестер
2. Жұбан Молдағалиев «Ар – ұят туралы»


Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, 5 - сынып Қазақ тілі «Атамұра» 2010 ж
Сабақ тақырыбы: Тұрақты тіркестер.
Жалпы мақсаттар: Оқушыларға тұрақты тіркестер туралы түсінік беру және оларды сөз аралығында қолдана білуге үйрету.
Тұрақты сөз тіркесін сөйлеу, жазу дағдысына енгізе отырып, оқушылардың тіл байлығын, ақыл – ойын, сана – сезімін дамыту. Оқушылардың дағды - машықтарын, таным белсенділіктерін арттыру.
Түйінді идеялар Тұрақты сөз тіркестерінің негізгі белгілері
1. Тіркес құрамында кемінде екі сөз болады
2. Сөздердің орны ауыстырылмайды
3. Тіркес құрамындағы сөздерді басқа сөздермен өзгертуге келмейді
4. Тіркес құрамындағы сөздер жеке - жеке мағына бермей, барлығы тұтас бір мағынаны ашады
5. Сөйлем құрамында бүтін бір тұлға ретінде жұмсалады

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама