Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Қысқаша көбейту формулалары
Сабақтың тақырыбы: «Қысқаша көбейту формулалары» тарауын қорытындылау.
Мақсаты: 1. Оқушылардың қысқаша көбейту формулаларын бүтін өрнектерді түрлендіруде, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуде қолдана білу бейімділігін қалыптастыру.
2. Білім - білік дағдыларды пайдалана отырып есептеу дағдысымен жұмыс, математикалық танымды кеңейту, ойлау, жүйелеу, тез шешім қабылдау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін, белсенділіктерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, зеректікке, жауапкершілікке, мақсатына жете білуге баулу.
Түрі: қорытындылау
Әдісі: сұрақ - жауап, жеке жұмыс, топтық жұмыс, тест
Көрнекілік: слайд - шоу, интерактивті тақта, тест тапсырмалары
Күтілетін нәтиже: Алған білімдерін ұтымды пайдалану.

Жоспар:
•Ұйымдастыру
•Үй тапсырмасын тексеру
•Қайталау сұрақтары
•«Сәйкесін тап»
•Математикалық диктант
•Оқулықпен жұмыс
•Деңгейлік тапсырмалар
•Тест тапсырмалары
•Үйге тапсырма
•Бағалау

Барысы:
1. Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Түгендеу. Оқушы назарын аудару.
Жылдағы дәстүр бойынша 2014 жылы 17 қаңтарда Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жариялады. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылып, Орта Азия Барысына айналу. Болашақта бәсекеге қабілетті ел болу үшін сендердің бойында Орта Азия барысының жеті қыры болу керек.
•Талмай шабар төзімді
•Көз ілестірмес жылдам
•Құстай ұшқыр
•Көз тартатын сымбатты
•Қимыл қозғалысы батыл
•Қайтпас қайсар қайратты
•Қалт жібермес қырағы

2. Үй тапсырмасы бойынша № 462 есепті тексеру.
Шығару жолын ауызша айтып шығу.
Дамыту: терең ойлау, жауапкершілік қабілеттерін дамыту.
Қорытынды: Жауапкершілікпен берілген тапсырма орындалды.
3. Қайталау сұрақтары:
•Екі өрнектің қосындысының және айырмасының квадраты
•Екі өрнектің қосындысының квадраты
•Екі өрнектің айырмасының квадраты
•Екі өрнектің қосындысының кубы
•Екі өрнектің айырмасының кубы
•Екі өрнектің кубтарының қосындысы
•Екі өрнектің кубтарының айырмасы
Дамыту: Ережелерді дұрыс жаттай отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Ұзақ есте сақтау қабілеттерін дамыту
Қорытынды: Нақты жауап беруге үйрету.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама