Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Қысқы баспана
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Қысқы баспана. (ертегі айту)
Мақсаты: Балаларды оқылған ертегілер мазмұнын тәрбиешінің көмегінсіз өз беттерімен жүйелі түрде мәнерлі етіп, мазмұнын өзгертпей, әңгімелей білуге, байланыстыра сөйлеуге, мінез – құлық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту. Кейіпкерлердің мінез – құлқын, іс - әрекетін, жағымды, жағымсыз жақтарын ажырата отырып, әдептілікке, тапқырлыққа, шыншылдыққа, еңбекке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, көрсету, ойын.
Оқу іс - әрекетінің көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің ойыншықтары.
Мотивациялық қозғаушы:
Ой, балалар, қараңдаршы бүгін біздің топқа қандай әдемі шар ұшып келеді. Қызық, бұл шарды бізге кім жіберді екен? Қараңдаршы қандай қызық, қандай сиқыр шар.

Ізденуші ұйымдастырушы.
Балалар бұл шарда байланған хат пен таяқша бар екен. Қане, бұл хаттың мазмұнымен таныстырайын.
Бұл хатты бізге ертекші атай жіберіпті. Ал мынау сиқырлы таяқша, осы таяқша арқылы ертекші атай сендерге тапсырмалар және ертегі беріп жіберіпті. Егер де мен сиқырлы таяқшаны сермеп қалсам, сендерге ертегілерден көрініс көрсетеді. Ал сендер соның шешуін тауып ертегінің атын айтасыңдар.
Тәрбиеші: сиқырлы таяқшаны сермеп қалғанда музыка ойналып, бауырсақ домалап келе жатады.
Балалар: Бауырсақ ертегісі екенін айтады.
Тәрбиеші: сиқырлы таяқшаны екі рет сермеген кезде, сыбдырлап аққан судың музыкасы ойналып, Аю Машаны қорапшаға салып арқалап келе жатады.
Балалар: «Маша мен Аю» ертегісінен екенін айтады.
Тәрбиеші: сиқырлы таяқшаны үш рет сермегенде, Қызыл телпек ертегісінің кейіпкерлері шығады.
Балалар: «Қасқыр мен қызыл телпек» ертегісінің кейіпкерлері екенін айтады.
Тәрбиеші: сиқырлы таяқшаны төрт рет сермегенде түйе мен тышқан шығып музыка ойналады.
Балалар: «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі екенін табады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, бәрің де ертегілердің шешуін дұрыс таптыңдар. Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер. Жақында біз осы «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі бойынша қуыршақ театрының қойылымын көрсеттік. Барлығыңда жануарлардың бейнесін қуыршақ түрінде жақсы орындап шықтыңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама