Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қыстағы шуақты күн
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу
Тақырыбы: Қыстағы шуақты күн
Мақсаты: Қысқы табиғат ерекшеліктерін, әсемдігін сезініп, оны бейнелей білуге үйрету. Балаларды сурет жанрымен «Пейзаж» таныстыру. Суретшінің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту. Балалар бойында байқағыштық, қысқы табиғат құбылыстары ерекшелігін сезіне білуге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік қасиеттерін дамыту.
Көрнекіліктер, құрал – жабдықтар: қыстағы шуақты күннің суреті, АКТ, қылқалам, субояқ, ақ парақ, сулы сүрткіштер, баяу музыка.
Алдын – ала жұмыстар: көрмеге саяхатқа бару, сурет жанрларымен таныстыру.
Әдіс – тәсілдері: жұмбақ, әңгіме, түсіндіру, сұрақ – жауап, дидактикалық ойын.

Мотивациялық – қозғаушы қызмет.
Шеңберге тұру амандасу үш тілде, жұмбақ жасыру.
Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
Бұл қай мезгіл болады?
Балалар: Қыс мезгілі.
Педагог: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
– Балалар: Қыс мезгілі.
– Педагог: Қыс мезгілінде неше ай бар?
– Балалар: Үш ай бар.
– Педагог: Қыс айларын атап атаңдар?
– Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Педагог: Балалар, қыс мезгілі туралы ақындар өлең – жырларын жазса, сазгерлер музыка жазады, ал суретшілер сурет салу арқылы қысты бейнелеген. Олай болса біз қазір сурет көрмесіне барамыз.
– Автобуспен барамыз.

Ұйымдастырушы – ізденуші қызмет:
Автобус дауысымен көрмеге келеміз.
Көрмеде Дымбілмес сурет салып отырады, педагог ой Дымбілмес сен
нағып отырсын?
Балалар: Дымбілмеспен амандасады.
Дымбілмес: Сурет салып отырмын, қыс мезгілін деп суретін балаларға көрсетеді. Қысты бейнелеген суретте күнді жасылмен, ағашты қарамен, қарды сарымен салып қойған.
Педагог: Балалар сурет дұрыс салынған ба?
Балалар: Сурет қате, дұрыс салмаған деп жауап береді
- Педагог: Дымбілмес сен онда бізбен бірге жүр, көрмені таныстырайын, балдармен бірге сурет салып үйрен.
Балалар Дымбілмеске көмектесеміз ба?
Балалар: ия
Педагог: Көрмеден түрлі жанрдағы суреттерді көрсету. Суретші Әбілхан Қастеевпен Айша Ғалымбаева қазақ суретшілерімен таныстыру.
– Балалар суретте не бейнеленген?
– Адамның бейнесі суретте «портрет» деп аталады.
– Мына суретте не бейнеленген?
– Бұл сурет «натюрморт» жанрында бейнеленген.
– Ал, келесі суретке көңіл аударайық?
– Бұл сурет «пейзаж» жанрында бейнеленген.
Балалар қарасаңдар суретші түрлі жанрда суретті бейнелейді.
Бүгін балалар сендер өздеріңді суретші ретінде сезініп, қыстағы шуақты күнді бейнелеп көресіңдер.
Суретті салу жолдары, орындалу реті түсіндіріледі.
Ол үшін түрлі құралдарды пайдалануға болады. Сіздерге субояқ, қылқалам, тіс пастасымен сурет салуға болады. Балалар сурет салып жатқанда жәй музыка әуені ойнап тұрады.
«Сергіту сәті» бейне таспамен.
Балалар: Қимылына сәйкес жаттығулар жасайды.

Дидактикалық ойын: «Натюрморт, пейзажды құрастыр»
Мақсаты: балалардың бейнелеу өнері жанрлары жайлы түсінік қалыптастыра отырып, қиылған зат бейнелерінен натюрморт, пейзаж картиналарын құрастыру.
Ойын құралдары: қағаздан қиылған жеміс, ыдыс, ағаш, гүл бейнелері.

Рефлексиялық түзетушілік:
Педагог: Біздер бүгін қайда бардық?
Балалар: көрмеге
Педагог: балалар, сендер салған сурет жанры қандай?
Балалар: Салған суретіміз «пейзаж» жанры деп жауап береді.
Педагог: Жылдың қай мезгілін салдық?
Балалар: Қыс мезгілін
Жақсы, ерекше орындалған балалар жұмыстары аталып, мадақталады.
Дымбілмес әкелген тәттілерді таратып беру.

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№33 «Көркемай» балабақшасы
Ересек топ тәрбиешісі
Сарсенова Лаззат Сериккалиевна
Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама