Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қыстырма сөз
Қыстырма сөздер
Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөздер.
Мақсаты: 1) білімділік: оқушыларды қыстырма сөздер туралы ұғыммен таныстыру; қыстырма сөздердің мағынасына қарай бөлінуі және қыстырма сөздері бар сөйлемдерге қойылатын тыныс белгілері туралы түсіндіру.
2) дамытушылығы: жаттығулар орындату туралы шығармашылыққа, өз бетімен жұмыс жасауын, дәлелдеп айта білу қабілеттерін дамыту;
3) тәрбиелік: сауаттылыққа, ынтымақтастық пен ізденушілікке, жауапкершілікке баулу.
Сабақ типі: жаңа сабақ түрі: дәстүрлі әдіс - тәсілі: түсіндіру, талдау, жинақтау, сұрақ - жауап;
Көрнекіліктері: Инт. Тақтамен слайдтар, сөзжұмбақ, ребус, тірек сызбалары.

Сабақ барысы:
I Алғашқы ұйымдастыру.
- Оқушылардың зейінін сабаққа дайындау.
- Психологиялық жағдай.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұлы - қызы мәңгі сені
Балалығым, бақытым, қазақ тілім.- дей келе бірінші сабағымызды бастаймыз.
Оқушылар биыл біздің елімізде қандай мереке, іс - шаралары өтіп жатыр?
( Еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл)
Осы тәуелсіздікке жету үшін қандай үлкен мақсаттар қойылды және оны халыққа жолдаған кім?(Ел басы Н. Ә. Назарбаев).
Олай болса Бұл жолдау бастап бізді биіктерге,
Ұнап тұр ұлағаты сүйікті елге.
Халықтың ақыл, білім, парасаты
Тұрғандай тыныштық боп ұйып төрде! Ақын ағаларымыз жырлағандай
«Елдің болашағы - білімді ұрпағында» делінген. Бүгінгі сабағымызда өз білімдеріңмен еліміздің мерекесіне өз үлестеріңді қосуға атсалысыңдар.
Ел басы жолдаған ұраны «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» деген үлге қосылып сабағымызды

II Үй тапсырмасымен жалғастырамыз.
57 - жаттығу. Біріңғай мүшелерді тап. Олардың арасына қандай жағдайда үтір қойылғанын байқау.( Б. М. шылаулар арқылы жазылғанда алдына не себептен үтір қойылады?)
Біріңғай мүшелер туралы не үйреніп, не білдің?
(Ережесін еске түсір)
1. Олардың бәрі бір ғана сұраққа жауап береді;
2. Сөйлемде бір мүшенің ғана қызметін атқарады;
3. Бәрі бір сөз табынан болады.

III Жаңа сабақты меңгертуге дайындық:
1. Ребус шешу(қар, шаңғы, сағат, тырма суреттерімен берілген).
«Қыстырма».
2. Инт. тақтадан (59 - жаттығу). Қарамен жазылған сөздерге назар аудару;
Сөйлемге қандай мағына беріп тұрғанын байқау.
Қарамен жазылған сөздерсіз айтып көру. Не байқадың? Сөйлем мүшесі бола ма?
Ой тұжырым (Ереже шығару).
Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін бірақ өздері сөйлем мүшесі болмайтын сөздер бар. Ондай сөздерді қыстырма сөздер деп атайды.
Дәптермен жұмыс: Көркем жазу. Көп білім алу үшін, әрине, көп оқу керек.

IV Өз бетімен жұмыс 60 - жаттығу;
Қыстырма сөздердің астын сызып, сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын сызба көмегімен түсіндіру;(Инт тақтамен).
(әрине, біздің бағытымызға қарай, қысқасы, меніңше).

V Сергіту минуты: Қасиетті жердің
Егеменді елдің
Біз шыныққан шымыр ұланы
Самғай биік ұшқан
Ғарыш төрін құшқан
Құрыш қанат қайсар ұланы.
Енді қайсарлықтарыңды тағы да білімдеріңмен көрсетіңдер!

VI Тәуелсіздік тағылымдарын еске сақтайық! Жылдар сыр шертеді;
61 - жаттығу(Қыстырма сөздерді табу, қыстырма сөздер сөйлемнің қай жерінде келіп тұр, тыныс белгісі қалай қойылған?- тұжырым жасау).
(ерекше интонациямен айту, басында келсе үтір одан кейін қойылады. Қыстырма сөз ортасында келсе екі жағынан, үтір, соңында келсе, үтір оның алдында қойылады).
1991 ж - Ел басын сайлайды, Тәуелсіздік ел жарияланды.
1992ж - Жаңа мемлекеттік рәміздер бекітілді.
1993ж - Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы теңгеге айналды.
1994ж -«Ата Заң» қабылданды.
1995ж - Алматы Астанаға көшірілді.
1996ж - Жаңа Астана ресми тұсау кесу.
2006ж - Әнұран қабылданды.

VII Тақтамен жұмыс. 62 - жаттығу.
- Сөйлемдерді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жазу.
- Ойыңды дәлелдеп үйрен.
VIII Жаңа білімді меңгергенін қорыту. «Сөзжұмбақ» шешу;

IX Білім қорыту, бекіту
Қыстырма сөздер
Сөйлемде Сөйлеушінің айтылған ойға санаменен.
Сөйлем мүшесі болмайды. Сеніммен.
Сұраққа жауап бермейді. Күдікпен.
Сөйлемдегі ойды нақтылай түседі. Жорамалмен.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама