Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қыз алып қашу

Қыз алып қашу - үйлену ғұрпының бір түрі.

Халқымыздың дәстүрінде бұрын екі жас құда түсу жолымен, яғни әке таңдауы мен келісімі арқылы қосылған. Дегенмен кейбір жігіттер өзінің сүйген қызын алып қашу арқылы қосылған кездері де болған. Кейде оның арты үлкен жесір дауына айналған, өйткені ол кезде басы бос қыз бола бермеген. Олар ерте айттырылатын.

Тарихтан белгілі болғандай, Қалқаман Мамырды, Кебек Еңлікті алып қашып қосылған. Әрине, оның арты қайғыға ұласқаны белгілі. Абайдың інісі, Құнанбайдың оқыған ұлы Халиолла Өскенбаев (1849-1870) өзінің сүйген қызын алып қашқан, бірақ қатал заман шешімі оларды қайта айырып жіберді.

Қыз алып қашудың да түрлері көп. Мысалы, бірін-бірі сүйген жігіт пен қыз қашып кетіп қосылады. Ал кейбір жігіттер қыздың келісіміне қарамастан, зорлықпен алып қашады. Соңғыларының жарасып кететіндері де, кейін дәм-тұздары жараспайтындары да бар.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама