Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қыз Жібек жырының маңызы
БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы,
М. Әуезов атындағы №2 ОЖББМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Досалиева Ләззат Абсатырқызы

Сабақтың тақырыбы: Қыз Жібек жырының маңызы
Сабақтың мақсаты: 1) оқушыларды адал махаббатқа, шынайы сүйіспеншілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
2) халқымыздың әдет ғұрпын, салт санасын меңгерту.
Тәрбиелік мәні: әдебиетімізді сүю, әдет ғұрыптарды бағалау, адал махаббатқа, бауырмалдыққа баулу.
Оқытуды дамыту: жырда кездесетін әдет ғұрыптарды, көркемдік ерекшелігін зерттеу.
Сабақтың әдісі: эвристикалық және репродуктивтік әдіс.
Пәнаралық байланыс: этнография, география, тарих, кино өнері.
Сабақтың көрнектілігі: сызбалар, географиялық карта,” Қыз Жібек” фильмі.

Сабақтың барысы.
Балаларға үйге топпен жұмыс істеп, жыр маңызын айқындап, зерттеп келу (эвретикалық) тапсырылған. Топ жетекшісі Бүргенов Жігер.
Біз бұрын зерттеу жұмыстарын екі топқа бөліп талдайтынбыз, “Қыз Жібек” жыры көлемді тақырып болғандықтан бүкіл сынып болып зерттедік, қазір сол зерттеу жұмысын ортаға салайық.
“Қыз Жібек” жырының маңызы халқымыз үшін ерекше, бүгінге дейін құнын жоймаған құнды жыр. Жырдың басты маңызы - адал махаббат, шынайы сүйіспеншілік, сертке беріктілік. Ұмытыла бастаған көп әдет ғұрыптарды осы жырдан кездестіруімізге болады.
“Қыз Жібек” жыры тілінің көркемділігімен де маңызды.

Оқушылар өз зерттеулерінде әдет - ғұрыптың түрлеріне жеке-жеке тоқталып, жырдан жатқа үзінді оқыды. Қыз әдебі туралы айтылғанда Қазіргі қыздар осы әдепті сақтай ма деген сұрақ қойылды.
Омаров Аслан қазіргі қыздардың беті түгіл кіндігін ашып жүретінін ренжи айтты.
“Қыз Жібек” фильмінен үзінді көрсетілді. Үзінді көрсетілерде Өнерден өнер туады, өнер өнерді қуады. “Қыз Жібек” жыры бойынша “Қыз Жібек” фильмі түсірілді. Қазақстан киносының алтын қорына қосылған.

Сұлтанғали Садырбаевтың зерттеуінше ХХ ғасырдың отызыншы және елуінші жылдары қазақ халық әдебиетін (фольклорын) жинау, жариялау және зерттеу өте қауіпті болды. Мысалы, кім “Қозы көрпеш Баян сұлу” жырын зерттесе, ол қазақтың ежеқабыл (болашақ ұл қыздары іште жатқанда атастыру) заңын дәріптейді, ал егер кім “Қыз Жібек” жырын зерттесе, ол қазақтың көшпелі дәуіріндегі әмеңгерлік салтты мадақтайды. Әйтеуір, ілік табу. Ұлы фольклорист ғалымдар Мұхтар Әуезов пен Мәлік Ғабдуллин ағаларымыз сондай саяси қысымға қарамастан қазақ ауыз әдебиетін шексіз сүйіспеншілікпен қорғады.

Оқушылар зерттеу жұмыстарын ұсынып, үзінділермен және С. Садырбаев пікірімен дәлелдегеннен кейін тақырыпты толықтыру үшін төмендегідей сұрақ қойдым Балалар, жырды толық зерттедіңдер ме, зерттелмей қалған сұрақ жоқ па
Зерттеулерді мына мәселелермен толықтыруға болады 1) жырдың тарихи әлеуметтік маңызы 2) дін тазалығы 3) географиялық шекаралық маңызы.

Халқымызда салт дәстүр мен әдет ғұрыптың сақталуына ерекше мән беру керек дей келе топ басшысы Жігер Бүргенов Қытай, Жапон елдеріндегі салт сана, әдет ғұрыптың берік сақталғандығы туралы салыстыруды ұсынды. Мұның жырқын мысалы ретінде Шығыстағы көршілеріміз Қытай мен Жапон халықтарын айтсақ та жеткілікті. Қытай халқы елдің халықтық дәстүрі мен мәдениетін қалпына келтіру арқылы әлемнің ең мықты елдерімен иық тірестірді. Екінші дүниежүзілік соғыс өртінен тұралап шыққан Жапонияны алыңыз. Олар бастарына қандай қиыншылықтар түссе де ұлттық салт дәстүрлерінен айырылмай, оны қадірлей білді, сондықтан да әлеуметтік экономикалық жағдайы жағары елдердің бірі. Озық мәдениетті. Ендеше, Қыз Жібек сияқты жырлар халқымыздың асыл қазынасы, әдет - ғұрыптар энциклопедиясы тәрізді, маңызды зор ұлттық құндылық.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама