Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қызықты әріптер
Абай қаласы №1 жалпы білім беретін
орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі
Аманбек Дауренгул

Сабақтың тақырыбы: «Қызықты әріптер»
Сабақтың мақсаты:
• Өтілген әріптерді, дыбыстарды қайталау. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшіліктерін еске түсіру, әріптер туралы түсініктерін кеңейту.
• Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, тіл байлығын дамыту, логикалық ойындар, жаттығулар арқылы балалардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.
• Ұқыптылыққа, әдептілікке, ұжымшылдыққа, адамгершілікке баулу.
Әдіс - тәсілдер: қайталау, сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топпен жұмыс, ойын - сауық, проблемалық, өздігімен оқу.
Көрнекіліктер: әріптер, суреттер, жазба қағаздар, үлестірмен материалдар.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа даярлау. Сабақтың барысымен таныстыру. Керекті құрал – жабдықтарды дайындау.

І тапсырма.
«Қандай сөз жасырылғанын анықта»
Тапсырма: сан реті арқылы сызықтың қай әріпке баратынын анықтап, қандай сөз жасырынғанын анықтау.
Нұсқау көрсету.
1 з
2 к
3 ү
Тапсырмаларды тарату, орындауға 3 минут беру. Дұрыс орындағандарына қарай фигуралар тарату.

ІІ тапсырма.
Лабиринттер шешу.
Лабиринттерді тарату, өздері жеке - жеке орындау. Және бірін - бірі тексеру, бағалау.

ІІІ тапсырма.
«Қоянға үйіне жетуге көмектесу».
Тапсырма: Қоянға көмектесу үшін жолдағы әріптердің дауысты және дауыссыз, жуан және жіңішке екенін айту керек.
Балалар кезек - кезек тақтаға шығып қоянның жолындағы әріптерді атайды.

ІV тапсырма.
«Араларға бал жинауға көмектес».
Тапсырма: топқа бөлініп шашылған әріптерді дауысты және дауыссыз екенін ажыратып, өз қораптарына салу керек. Тапсырманы орындап біткен соң топтар бір - бірін тексереді. Қателерін түзетеді.

V тапсырма.
«Төлдерге көмек».
Тапсырма: сурет бойынша малдардың өз төлдерін тауып, сөзді буынға бөлу және неше әріптен тұратынын айту.

VІ тапсырма.
«Тез тап».
Тапсырма: дорбадағы әріптердің бірін таңдап алып, сол әріптер басталатын сөз айту және сол сөзді буынға бөлу.

VІІ тапсырма.
«Дұрыс тап».
Тапсырма: берілген екі суреттердегі айырмашылықтарды табу. Бір - бірін тексеру.

Топпен жұмыс.
Берілген суреттерді көрсетілген түстер бойынша бояю. Мысалы: сары с - әрпімен, жасыл ж - әрпімен белгіленген.

Қорытындылау.
Сұрақ - жауап.
1. Сабақта қандай тапсырмалар орындадық?
2. Қай тапсырма ұнады?
3. Сабақтан не үйрендің?
4. Қай тапсырманы орындаған қызықты болды?
5. Топпен жұмыс істеудің ерекшелігі қандай?

Жинаған фигураларын санау.
Марапаттау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама