Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қызықты математика
Тақырыбы: Қызықты математика (слайд)
Мақсаты: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, есептеу дағдыларын жетілдіру.
Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту, тиянақты жауап беруді талап ету.
Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыра отырып, ұқыптылыққа, тиянақтылық пен адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.

Математикалық сайыстың барысы:
І. Хош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
ІІ. Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М. Ломоносов «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек» - деген.
Олай болса, бүгін сендер қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
І. Сайыста сендерге әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларын керек.
ІІ. Математикалық сайыс – бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек. Және тәртіп сақталғаны жөн.

Сайыстың кезеңдері:
1 - бөлім: Топтардың таныстырылуы.
2 - бөлім: Анаграммалар шешу.
3 - бөлім: Логикалық есеп.
4 - бөлім: Бұл не деген жұмбақ?
5 - бөлім: Грамматикалық арифметика.
6 - бөлім: Мақалды тап.
7 - бөлім: Ребусты шешу.

1 – бөлім: Топтардың таныстырылуы: 10 бал
І. «Ойшылдар» тобы:
Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
ІІ. “Тапқырлар” тобы:
Тапқырлар биіктерде қалықтасын!
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.

2 – бөлім: Анаграммалар шешу. 5 бал
1 топқа:
Қыста суды қаптаймын,
Бірақ жазда жатпаймын.
Алғашқы әріп ауысса,
Онсыз тамақ татпаймын. (Мұз - тұз)
2 топқа:
«Қ» - әрпінен бастасаң,
Көмірге ұқсас түрім бар.
«Қ»- ны сызып тастасаң,
Жасаймын шөп гүлін бал. (Қара - ара)

3 – бөлім: Логикалық тапсырмалар. 8 бал
І топтың сұрақтары.
1. Әкесі 40 жаста, ал ұлы 5 жаста. Ұлы әкесінен неше жас кіші?
2. Әпкесі інісінен 5 жас үлкен. Інісі 3 жаста. Әпкесі неше жаста?
3. 30 саны шығу үшін 5 - ті қаншаға көбейтеміз?
4. Әсел 8 теңгеден 2 қарындаш сатып алды. Ол барлығы неше ақша жұмсады?
5 6 ондық пен 7 бірліктің қосындысын тап.
6. Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді, Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды үстелге қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды? ( 5)
7. Терезеде үш жасыл қызанақ жатыр еді, бір күннен кейін олар қызарды. Неше жасыл қызанақ қалды?

ІІ топтың сұрақтары.
1. Үстелде 4 алма жатыр, оның біреуі 2 - ге бөлінген, үстелде неше алма жатыр?(4)
2. 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көрінуі керек? (5)
3. 32 саны шығу үшін 4 - ті қаншаға көбейтеміз?
4. Әлихан 2 дәптер үшін 12 теңге төледі. 1 дәптер неше теңге тұрады?
5. 8 ондық пен 6 бірліктің айырмасын тап.
6. Алты түйеқұс ұшып келе жатқанда, біреуін аңшы атып алды. Неше түйеқұс қалды?
7. Бірінші Назар базарға бара жатыр, екінші Назар базардан келе жатыр. Қай Назар тауар алды? Қай Назар тауар алған жоқ?

4 – бөлім: Бұл не деген жұмбақ? 9 бал
Сол жақтағы дауыссыз дыбыстардың ортасына не алдына, соңына, оң жақтағы дауысты дыбыстарды қосып оқыңдар. Сонда бір жұмбақ шығады. Шешуі не?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама