Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қызықты математика /әдістемелік нұсқау/
Қызықты математика / әдістемелік нұсқау/
Сабақтың тақырыбы: Бақаның тапсырмалары
Сабақтың мақсаты:
- Балаларды 1 ден 20 - ға дейін еркін санауға және 10 көлеміндегі сандардың құрылуымен таңбаларды пайдаланып шығарып алу жолын таба білуге үйретуді жалғастыру.
- Аптадағы күн аттарын ретімен атауға, кеңестікті бағдарлай білуді дамыту.
- Логикалық ойлау дағдыларын дамыту мақсатында ойын - есептер, дидактикалық ойындарды қолдану, геометрикалық фигуралар туралы білімдерін тиянақтау
- Халық ауыз әдебиетін пайдалана отыра балалардың көңіл – күйін көтеріп ойынға сабаққа деген қызығушылығын тәрбиелеу.
Сабақтағы құралдар: бөлме сызбасы, асықтар, ребустар, карточкалар. суреттер, «монгол ойыны», математика дәптері, қарындаштар, теңгелер.

Сабақтар барысы: 1, 2, 3
Біз жинаймыз күш
Терезені ашамыз.
Таза ауа жұтамыз.
1, 2, 3
Отырамыз тып тыныш.
Балалар бүгін сабаққа маған көмекке Бақа келем деп еді. Келе алмайтының ескертіп өзінің тапсырмаларын поштамен салып жіберіпті. Сондықтан көмекке мен сендердің араларыңнан Айддосты шақырамын. Ол менімен бірге сендерді тындайды, маған көмектеседі және арасында өзіде жауап береді.
- Мына дорбадағы асықтарды үпай ретінде таратады.
Балалар бір аптада неше күн бар?
Оларды кім атап береді?
Бүгін аптаның қай күні?
- Балалар бақаның тапсырмаларын мен осы бөлменің ішіне тығып қойдым.
Сызбаға қарап кім тауып береді?
1 тапсырма:
Бақа өзінің көлшіктерін қағаздан қиып салып жіберіпті, неге ұқсайтының айтыңдар деп сұрайды.
Д/ойын «Неге ұқсайды»
Бақаның тағы да бір өтініші бар 20 - ға дейін санап беруді сұрайды. Кім санамақ біліді дейді.
Д/ойын «Санауды жалғастыр»

2 тапсырма:
Д/ойын «Қатені түзе»
а/ сандарды ауыстыр
б/ затты қос ия болмаса алып таста
в/ ештене өзгертпе

3 тапсырма:
Сурет бойынша есеп құрастыр, оны жазып шығару.
4 + 1 = 5 7 – 1 = 6

Логикалық есептер.
1. Стол үстінде үш кеседе жүзім, тұрды. Арман келіп бір кеседегі жүзімді жеп қойып кесені орнына қойды.
Стол үстінде неше кесе тұр?
2. Мамасы 4 шар сатып алды Мерует пен Сәбитке. Кімге неше шар береді?
Бой сергіту.

4 тапсырма:
Д/ойын « Ребустар шешу»
5 тапсырма:
«Монгол ойыны» /модельдермен жұмыс/
Алдарындағы берілген геометрикалық пішіндерден кім не құрастырады. Балалар үлгіге қарап (түие, сиыр, күшік) құрастырады. Олай болса үй жануарлары туралы қандай мақал – мәтел, жаңылтпаштар білесіңдер.
Сабақтың соңында алған ұпайлары саналып жақсы сабаққа қатысқан балаларды атау.
Қызықты математика /әдістемелік нұсқау/ жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама