Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт тарих - қоғамтану бейіні бойынша 10 сыныбына арналған қолданбалы курс
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт тарих - қоғамтану бейіні бойынша 10 сыныбына арналған қолданбалы курс
Түсінік хат
Тарих пәнінен 11 - сыныптарға арналған қоғамдық - гуманитарлық бағыт бойынша «Елтану»тақырыбындағы қолданбалы курс бағдарламасы.
Қолданбалы курс бағдарламасы «Қазақстан Республикасында жалпы білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»негізінде және Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, мектеп және мектепке дейінгі білім институты даярлаған тарих пәнінің оқу бағдарламаларына сүйене отырып дайындалды.
Еліміз тарихының 20 жылдық тәуелсіздігіне орай осы жылдардағы негізгі табыстары, ішкі - сыртқы саясаты: әлеуметтік - экономикалық, саяси - мәдени дамуы туралы білімдерін тереңдету көзделген
Бағдарлама 34 сағатқа жасалған
Төмендегі тараулардан тұрады:
1. Тәуелсіздік стратегиясы
2. 1995 ж Конституция
3. Каспий мұнайы
4. Теңге - тәуелсіздік нышаны
5. Мемлекет меншігінен - жеке меншікке

Мақсаты
- Берілген тақырыптар бойынша заман ағымына лайықты болашақ Қазақстан азаматы, ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып, дүние жүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін сыйлайтын рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, Қазақстан Республикасының құқықтық, демократиялық мемлекетке айналдыру үшін еліміздің заңдарын қастерлейтін, өз құқықтарын қорғай алатын, ойларын еркін айтып, еркін әрекет жасай алатын елінің нағыз патриотты бола білетіндей ұрпақ тәрбиелеу. Оқушыларды рухани байытып, білімін арттырып дүние танымын кеңейту.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып, оқушыны шығармашылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны білімділікке және ізденімпаздыққа тапқырлыққа ынталандырып болашақ мамандығына дұрыс бағдар беру, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру

Міндеттері
- жалпы орта білім бағдарламаларына сәйкес тарих және құқық пәндерден
тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ету.
- оқушылардың әлеуметтану мүмкіндігін кеңейту, жалпы және кәсіптік білім арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, жоғары кәсіптік білімді игеруге тиімді дайындау
- оқушылардың белсенділігі мен дербестігін арттыру.

«Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курс бағдарламасы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама