Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қожа мен ашқарақ

Бір тойда ашқарақ біреу қомағайлана ішіп-жегенімен қоймай, қалтасына құрт пен ірімшікті сала береді, қасында отырған Қожа әлгінің қалтасына ыстық шай құйып жібереді.

Ашқарақ адамның тез ашуланатын әдеті емес пе?

— Бұ неткен бейбастық, — деп Қожаға дүрсе қоя береді.

Сонда Қожа байсалды пішінмен:

— Қалтаң құрт пен ірімшікті көп жеді, шөлдемесін деп құйғаным ғой, — депті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама