Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қожанасыр мен балгер

Қожанасырдың көршісі балгер болатын. Ол әрдайым көпшігін даңғырлатып бал ашатын. Оған Қожанасырдың тыныштығы кетіп, құлағы тұнып, басы ауыратын. Бір-екі рет «қой» дегенге көршісі көнбеген соң қас қылған көршісінің үйіне дәл қаратып, бақылдата тарта берді. Көпшігінің даусы есітілмей қалған көршісі:

— Бұл қалай, Қожеке? — деді. Сонда Қожанасыр:

— Сіз көпшікті балшы болсаңыз, біз кернейлі балшы болдық, енді өкпелейтін жеріңіз жоқ шығар, — депті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама