Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қожанасырдың жауабы

Бір күні Қожанасырдан:

— Таң атқан соң адамдар не үшін түрлі-түрлі жаққа қарай тарап кетеді екен, — деп сұрапты.

— Ой, сорлылар-ай! Осыны да білмей жүргендерің, — деді Қожанасыр ызаланғандай болып. Егер адамдар түрлі жаққа жүрмесе, бет-бетімен бытырамаса, бәрі бірдей бір беткей, бір жағына қарай жүре берсе, жер де бір жағына қисайып, ақыр соңында аударылып кетпес пе еді? Соны да сұрап тұрсың ба? —  депті Қожанасыр.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама