- 23 жел. 2021 00:00
- 206
Қола дәуірінде өмір сүрген әйелдің бет-әлпеті
Археологтар Испанияның Оңтүстік-шығысындағы Ла-Альмолайя археологиялық орнында үлкен қыш құмыраға бірге жерленген әйел мен ер адамның сүйегін тапты. Мұнда ерте қола дәуірінде біздің дәуірімізге дейінгі 2200-1500 жылдар аралығында Эль-Аргар мәдениетінің өкілдері өмір сүрген.
Жерлеуден екі мәйіт қатар табылғанымен, археологтардың айтуынша, ер адам ертерек өлген. Әйел қайтыс болған кезде қыш құмыра ашылып, оның денесі көптеген әшекейлермен сол жерге қойылған. Әйелдің бас сүйегінің бір бөлігін және зергерлік бұйымдарды пайдалана отырып, иллюстратор әйелдің бетін, сондай-ақ Ла Альмолайяда жерленген басқа тұрғындардың бет-әлпетін қайта жасады.
«Бас сүйегінің бір бөлігі ғана бар бет реконструкциясын жасау қиын болды, бірақ қалдықтардың жанынан табылған күміс тәж оның басының өлшемін анықтауға көмектесті», - дейді иллюстратор Джоана Бруно.
Әйел сүйегінің жанынан табылған зергерлік бұйымдар мен түрлі құралдардың көлемін ескере отырып, ғалымдар оның қоғамда жоғары қызмет атқарғанын алға тартты. Ғалымдар қола дәуірінде өмір сүрген әйелдің 25-30 жасында қайтыс болғанын анықтады. Оның бірнеше туа біткен аурулары бар, оның ішінде мойын омыртқасы мен қабырғасы жоқ.
"Реконструкцияда көргендердің бәрі қалдықтарды мұқият зерттеудің арқасында жасалды. Тіпті құлақтардағы сақиналар бас сүйегінің жанынан табылғандар", - дейді Бруно.
«Бұл жай ғана сүйектер емес, олар өздерінің эмоциялары мен тәжірибесі бар тірі адамдар болғанын екенін есте ұстаған жөн. Мен олардың мүсінің осылай жасауды жөн көрдім», - дейді Бруно.
Ақбаян Атапкелова