Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Қолданбалы курс бағдарламасы «Матрица»
Қолданбалы курс бағдарламасы «Матрица»
11 сынып (жаратылыстану – математика бағыты)
Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат

Түсінік хат
Жаратылыстану – математикалық бағыттағы математика курсы оқушылардың математика пәнінен алған білім негіздерін әрі қарай үздіксіз дамыту. Қазіргі кезде математиканы оқыту математикалық білім алуға емес, математиканың көмегімен білім алуға бағдарланған десек болады, себебі жалпы білім беру бағытында математика пәнінің нақты мазмұнын күнделікті тұрмыстық мәні бар дәрежеде беру арқылы оқушылардың жан – жақты дамуын қамтамасыз ету. Математикалық білімді меңгерту өмір талабына сай оқыту мақсатында кәсіби бейінделген оқу бағдарламасы дайындалып, болашақтағы мамандығына қажет тақырыптар алынуы керек. Бұл бағдарламада математика меңгерудің жоғарылаған деңгейін қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі қолданбалы курстың толықтырылуы, мұнда оқу бағдарламасында қамтылмай қалған күрделі, қажетті материалдарды оқушыларға қамтамасыз етеді. Математиканы бейімдеп оқыту оқушылардың математикаға бейінділіктерін анықтауды және дамытуды математикамен байланысы бар мамандықтарға бағыттауды және жоғарғы оқу орындарында қажетіне пайдалана білуді көздейді.

Мақсаты:
«Матрица» тақырыбын оқыта отырып, оқушылардың ақыл – ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, оның қолданбалы мүмкіндіктерін кәсіптік есептер шешуге қолдану арқылы дағдыларын қалыптастыру, математикамен байланысы бар мамандықтарға бағыттау.
Міндеттері:
• танымдық ой – өрісін дамытып, өмірге белсенділігін арттыру;
• оқыту барысында болашақ еңбек қызметіне қажет екендігін көрсету;
• негізгі мектепте алған ақпаратты кеңейту және жетілдіру;

Күтілетін нәтиже:
• оқушылардың ақыл – ойы, танымдық және шығармашылық қабілеті артады;
• кәсіптік бағдар алады;
• болашақта өтілген тақырыпқа байланысты есептерді жоғарғы оқу орындарында шеше алады;

Мазмұны мен құрылымы:
І тарау. Матрица – 7 сағат:
Матрицаның анықтамасы, түрлері және теңдігі. Матрицаға амалдар қолдану. Матрицаның қасиеттері
ІІ тарау. Анықтауыштар – 12 сағат:
Анықтауыштардың негізгі қасиеттері. Кері матрица. Бағаны немесе жолы бойынша анықтауыш элементтерін жіктеу.
ІІІ тарау. Сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің әдістері – 15 сағат:
Қарапайым матрицалық теңдеулер және оны шешу. Крамер формуласы. Гаусс тәсілімен сызықтық теңдеулер жүйесін шешу.
Есептер шығару.

Оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптар:
• Матрица туралы түсінік;
• Матрицаларға амалдар қолдана білу;
• Матрицалардың анықтауышын табу;
• Кері матрицаны анықтай білуге үйрету;
• Сызықтық теңдеулер жүйесін Крамер және Гаусс әдістерін пайдаланып шеше білу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама