Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе
Білім беру саласы: Әлеумет
Кіріктірілген білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология негіздері. Аппликация
Тақырыбы: Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының қонақжайлығы ұлттық салт - дәстүрінің бірі екендігі жөнінде түсіндіре отырып, оларды қонақ күту әдебімен таныстыру, таным - түсініктерін кеңейту. Қонақтарға жайылатын дастарханға қойылатын тамақтармен ыдыстар жөніндегі білімдерін жетілдіре отырып, дайын түрлі - түсті қағаздан қиылған кесені қызғалдақ гүлімен әшекейлеп, желімді ұқыпты пайдаланып жапсыра білуге үйрету.
Білімділігі: Балалардың қонақ күту әдебі жөніндегі түсініктерін кеңейту.
Тәрбиелігі: Балаларды мейірімділік, қонақжайлылық, кішіпейілділік, сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Шаттық шеңбер, сұрақ - жауап, ой - қозғау, сергіту сәті, көрмені шарлау.
Пайдаланатын көрнекіліктер: Суретті слайд, тақырыпқа сай суреттер.
Қажетті – құралдар: Түрлі - түсті қағаздан қиылған кесе, қызғалдақ гүлі, желім, ақ қағаз, дымқыл шүберек.

Жүру барысы:
Шаттық шеңбер.
Күндей жарқырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жайнап
Судай таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық!
- Балалар бір аптада неше күн бар?
- Бір аптада 7 күн бар.
- Балабақшаға неше күн келеміз?
- Балабақшаға 5 күн келеміз.
- Балалар аптаның бейсенбі күні бізге қандай оқу – қызметі болады?
- Экология негіздері. Аппликация
- Балалар осы экология негіздерінен өткен тақырыптарымызды есімізге түсірейікші?
- Жарайсыңдар балалар!
- Біздің табиғат бұрышымыз. Мамандықтың бәрі жақсы. Өзім туралы. Менің көмекшілерім. Туған өлкенің өсімдіктері т. б.
- Балалар бәріміз тақтаға назар аударайық.
Тәрбиеші: Балалар біз бүгін қонақ әдебі туралы әңгімелейміз. Қазақ халқы - қонақжай халық. Қонақ келген кезде ең әуелі амандасамыз. Үйге кіргізіп төрімізді ұсынамыз. Дастархан жаямыз.
- Қазақ халқы қашаннан қонақжай халықпыз, дастарханнан дәм кетпеген «Қонақ келсе - құт» әкеледі деп ән тәтті тамақтарын қонақтарына қойған. Үйіне келген қонағын қадірлей білген, сый - құрмет қошемет көрсетіп кішілік танытқан.
Дидактикалық ойын: «Не жасырылғанын тап»
Шарты: Тақтада ыдыстардың түрлі суреттері ілулі тұрады.
Тәрбиеші белгісінен кейін балалар көздерін жұмады, тез бір сурет жоқ екенін айтады.
Тәрбиеші: Келген қонақтарға көрсетілетін құрметіміз мамаларымыздың толтырып жайған дастарханы екен.
- Балалар мамаларың үйлеріңе қонақтар келгенде дәмді тамақтар пісіреді ме?
- Қандай тамақтар пісіреді?
- Ата - аналарың келген қонақтарды күтіп, құрмет көрсетеді ме?
- Ия
- Келген қонақты қайда отырғызады?
- Үстел басына шақырады.
Үстелге не төсейміз?
- Дастархан.
- Дастарханға не қоямыз?
- Әр түрлі тағамдар қоямыз.
- Тағамдарды неге саламыз?
- Ыдыстарға
- Ыдыс - аяқтың қандай түрлерін білесіңдер.
- Бұларды балалар бір сөзбен ыдыстар деп атайды екенбіз.

Атырау қаласы, Индер ауданы, Елтай ауылы
«Қызғалдақ» мектепке дейінгі бөбекжайы
Тәрбиеші: Жамиева Алтынай Уразовна
Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама