Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қорытынды сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың әдебиеттік оқу, математика, дүниетану пәндері бойынша жыл бойы алған білімдерін тексеру, пысықтау. 2. Ой - өрісін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту. 3. Сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сөздер, сандар, суреттер.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру.
Мұғалім: Әдебиеттік оқудан өткенді қайталау.
Ақыл - ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның,- дей келе, « әдебиеттік оқу» не үйрендік, не білдік? соған тоқталайық.

І. Сұрақтарға жауап алу (бағалау)
1. Сөз неден құралады?
2. Сөйлем неден құралады?
3. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
4. Дыбыстар неше топқа бөлінеді және қандай болып бөлінеді?
5. Қазақ алфавитінде неше дыбыс және неше әріп бар?
6. Сөздегі буын санын қалай анықтаймыз?
7. Тасымал не үшін қажет?
8. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
9. Бас әріппен жазылатын сөздерді білесің бе?
10. Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
11. Заттың сынын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
12. Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

ІІ. Шығармашылық жұмыс.(ауызша)
Қатар ара жарысамыз.
1 қатар - Заттың атын білдіретін сөзі бар бір сөйлем айт.
2 қатар - Заттың сынын білдіретін сөзді қатыстырып бір сөйлем айт.
3 қатар - Заттың санын білдіретін сөзі бар сөйлем айт.
Тапсырма.
Оқушы.......... оқушы..... оқушы
Гүл......... гүл..... гүл
Ағаш.......... ағаш..... ағаш
Жаңбыр.......... үй..... парта
«Кім жүйрік?» ойыны

ІІІ. Мақал - мәтелдер айтып жарысу.
1 қатарға Отан туралы.
2 қатарға оқу - білім туралы. Туған жер
3 қатарға еңбек туралы. Жақсы жаман туралы.

IV. Өлеңді мәнерлеп айту.
1. Тарту.
2. Кел, балалар, оқылық!
3. Адам болам десеңіз.

ІІ. Математика.
Математика сырлары
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді.
Математика пәнінен не үйрендік? Ортаға салайық?
І. Сұрақтарға жауап беру.
1. Натурал сандарды ата.
2. 10 - дықтармен 100 - ге дейін өсу ретімен санау.
3. Қосудың компоненттерін ата.
4. Айырманың компоненттерін ата.
5. Есептің құрамдас бөліктерін ата.
ІІ. Есепте:
60+20= ---------------- 60+40= -------------- 20+50=
90 - 50= --------------- 70 - 50= -------------- 90 - 20=
80 - 40= --------------- 80+20= --------------- 20+40=
30+70= ---------------- 40+20= --------------- 70 - 30=
ІІІ. Салыстыр.
6дм*60см ----------------- 10дм*90см ------------- 30см*5дм
80дм*50см --------------- 2дм*40см --------------- 20см*1дм
30см*30дм --------------- 4дм*4дм ---------------- 50см*40см
Әр қатардан бір оқушы тақтада орындайды.
IV. Теңдеуді шешу.(тақтаға шығарту)
X+30=70
80 - x=50
x - 40=20
V. Есепті шығар.
1. Спорт жарысына 40ұл және 30қыз бала қатысты. Жарысқа барлығы неше оқушы қатысты.
Ұл –
Қыз –
Шешуі:
Жауабы:
2. Болат 20 жаста, ал Өмір 10 жаста. Болат Өмірден неше жас үлкен.
Болат – үлкен
Өмір -?
Шешуі:
Жауабы:
3. Қорада 40 қозы бар. Ал лақтардың қозылардан 10 - ы кем. Қорадағы лақ қанша?
Қозы – ------------------ Шешуі:
Лақ -? кем ------------- Жауабы:
Логикалық есептер
«Тез ойла!» ойыны.
Геометриялық фигуралардан пішіндер құрастыру. Оларды атау.

ІІІ. Дүниетану.
Дүниетану пәнінен не үйрендік.
1. Табиғатты нелер құрайды?
2. Табиғаттағы денелер нешеге бөлінеді?
3. Тірі табиғат деп нені айтамыз?
4. Өлі табиғатқа нелер жатады?
5. Табиғат құбылыстарын ата.
6. Адамның сезім мүшелерін ата.(суреттерін көрсету)
7. Ауа райының температурасын немен өлшейміз?
8. Жыл мезгілдері нешеу, оларды атату.( суреттерін көрсету)
9. Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
10. Өсімдік мүшелерін ата.
11. Өсімдіктер қалай көбейеді?
12. Жабайы аңдарды ата.
13. Үй жануарларын ата.
14. Қыста жылы жаққа ұшып кететін құстарды қалай атаймыз?
15. Үй құстарын ата.
16. Қосмекенділер мен жорғалаушыларды ата.
17. Біздің еліміздің астанасы қалай аталады? ( Географиялық картадан көрсету. Астана, Есіл, Каспий, Ақтау, Жаңаөзен)
Балалардың жауаптарына қарай ұпайларын санап, қай қатар жеңгенін анықтау.

Қорытындылау.
Ана тілі.
1. Заттың қимылын білдіретін сөзді жаз.
Оқушы...
Гүл...
Ағаш...
Жаңбыр...

Математика.
1. Мәнін жаз.
60+20= ---------------- 80 - 40=
90 - 50= --------------- 30+70=
2. Салыстыр. > <>
10дм * 90см
20дм * 40см
4дм * 4дм
3. Есепті шығар.
Болат 20 жасты. Ал Өмір 10 жаста. Болат Өмірден неше жас үлкен.
Болат – 20 жаста? үлкен
Өмір – 10 жаста
Шешуі:
Жауабы:

Ана тілі.
1. Заттың санын білдіретін сөздерді жаз.
.................. оқушы.
.................. гүл
.................. ағаш
.................. парта

Математика.
1. Мәнін тап.
20+50= ---------------- 20+40=
90 - 20= --------------- 70 - 30=
2. Салыстыр. =
30см * 5 дм
20см * 1 дм
50см * 40см
3. Есепті шығар.
Қорада 40 қозы бар. Ал лақтардың қозылардан оны кем. Қорадаға лақ қанша?
Қозы – 40
Лақ -? 10 - ы кем
Шешуі:
Жауабы:

Логикалық есептер.
1. Тауық екі аяғымен тұрғанда 2 кг тартады. Бір аяғымен тұрса неше килограмм тартады?
2. Екі адам тоғыз құмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады?
3. Бақтиярдың 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар?
4. Бір килограмм темір мен бір килограмм мақтаның қайсысы ауы?
5. Дорбадағы он асықты он бала бір - бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалады. Бұл қалай?
6. Шыршаның басында 5 алма өсіп тұр еді. Марат 3 алманы үзіп алды? Шырша басында неше алма қалды?
7. Үстел үстінде 5 майшам жанып тұр. Талғат 1 шамды өшірді. Неше майшам қалды?

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама